қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
11.11.2019

«Әдеби шығармашылық үдерісін зерттеудің өзекті мәселелері және Темірхан Тебегенов шығармашылығы» конференциясы

 

2019 жылдың 8 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, ҚР жазушылар одағының мүшесі Темірхан Сақаұлы Тебегеновтің 70 жасқа толуына арналған «Әдеби шығармашылық үдерісін зерттеудің өзекті мәселелері және Темірхан Тебегенов шығармашылығы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Конференцияның пленарлық мәжілісінде университет ректоры Такир Балықбаев сөз сөйлеп, профессор Т. Тебегеновті Университтің «Үздік ұстаз» медалімен марапаттады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры Жанғара Дәдебаев, Қазақ ұлттық Қыздар ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Руда Зайкенова, жазушы, филология ғылымдарының докторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Грамматика бөлімінің меңгерушісі Орынай Жұбаева баяндама жасады.

 

Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов құттықтау сөз сөйледі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев құттықтау сөз сөйлеп, «Университеттің құрметті профессоры» куәлігін табыстады. Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Ержан Уайс Т. Тебегеновке Қызылорда облысы әкімінің Құрмет Грамотасын тапсырды. А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі иституты директорының орынбасары Серікбай Құлманов құттықтау сөз сөйлеп, профессор Т. Тебегеновті Халықаралық қазақ тілі ұйымының «Ана тілі» медалімен марапаттады.

 

Конференцияға әдебиеттанушы-ғалымдар мен әдіскерлер қатысты. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының ұстаздары, ғалымдар мен зерттеушілер, бұқаралық ақпарат құралдары тілшілері және қоғам қайраткерлері қатысты.

 

«Әдебиет тарихының өзекті мәселелерін зерттеудегі ғалым Т.Тебегеновтің іргелі еңбектерінің маңызы» және «Ғалым-ұстаз Темірхан Тебегеновтің ғылыми-әдеби шығармашылық ғұмырнамасының тағылымы» деп аталатын екі секция жұмысында баяндамалар талқыланды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы



168

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler