қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы

Поэзиямен кездесу

2017 жылдың 8 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының орыс әдебиеті кеңесінің қатысуымен атақты қазақcтандық ақын және әдебиеттанушы Тамара Maдзигонның (1940-1982) «Өмір кескіні. Өлеңдер. Аудармалар. Мақалалар мен зерттеулер» /Құрастырушылар: С.Шубин, В.Савельева. - Алматы: Жазушы, 2017 ж./ атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кездесуді орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбішева Сауле Джунусовна ашты. Ол кітапты құрастырушылар тобымен таныстырды. Олар орыс тілі  мен әдебиеті кафедрасының профессоры Вера Владимировна Савельева және Сергей Иванович Шубин, осы адамдардың арқасында осы  әдеби кеш өтті.

Дөңгелек үстел аясында Адольф Арцишевский, Аслан Жақсылықов, Бахыт Каирбеков, Валерий Михайлов, Умит Тажикенова, Татьяна Фроловская, Надежда Чернова сынды танымал қазақстандық жазушылар кітапты талқылау жұмысына қатысты.

Ақын Тамара Мадзигонның шығармашығы туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Галина Михайловна Мучник және ф.ғ.д., профессор Ұлболсын Құрманғалиқызы Абишева да сөз сөйледі.
2 курс магистранттар ақынның, ғалымның және оқытушының шығармашылық тағдыры туралы презентация дайындады. Заманауи ақындар Давид Самойлов, Александр Кушнер, Юрий Домбровскийлер Тамара Мадзигоның шығармашылығына қатысты өз ойларын ортаға салды. Тамаша жазушы Ю Домбровскийдің жесірі  Клара Турумова-Домбровская  осы отырысқа сырттай қатысты: ол Тамара Михайловнамен студенттік кезіндегі достығы туралы естеліктерін жіберді. Ресей Жазушылар Одағы Мәскеу қалалық ұйымының төрағасының кеңесшісі  Нина Попова да кітапқа оз ой-пікірін  білдірді.

Кештің жас қатысушылары көрнекі ақындардың әңгімелерін тыңдап, эстетикалық әсер алды. Олардың арасында филология және көптілді білім беру институтының студенттері, магистранттары және докторанттары, сондай-ақ «біздің студенттердің шәкірттері» - Инновациялық және техникалық колледждің студенттері.

 

 

 

 

Т. Мадзигонның шығармашылық тағдыры туралы презентация


Түлектердің мерекесі


       2017 жылдың 19 мамырында мемлекеттік емтиханнан өтіп, дипломдық жұмыстарын қорғаған «5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мен «5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» маманлдығының 4 курс студенттері өздерінің оқытушыларына мерекелік концерт ұйымдастырды.
    Осы кездесуде көптеген жылы сөздер айтылды. Студенттер өздерінің оқытушыларына алғыс, тәлімгерлер түлектерге бақытты өмір жолы мен мықты маман болуларына тілектестіктерін білдірді.
    Көңілді, албырт және лирикалық би билеп, ұлттық музыкалық аспаптарда шығармалар орындап, сезімге толы монологтар оқылды.
     Қоштасудан соң кездесулер болады деп үміттенеміз. Біреулер магистратурада білімін жалғастырса, екіншілері мектептер мен кафедра арасындағы байланыс орнатып, үшіншілері әдістемелік көмекке жүгінері анық.

Кафедра есіктері өз тәлімгерлеріне қашан да ашық!

 

 

 

 

Кафедра конкурс жеңімпазы атанды


    «Абай атындағы ҚазҰПУ ақпараттық порталындағы ең үздік кафедра веб-парақшасы» атты байқаудың қорытындысы бойынша орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы ең жоғары ұпай жинап 1 орын алды.

     2017 жылдың 28 сәуірінде I, II және III дәрежелі дипломдарды және алғыс хатты тапсыру салтанаты өтті. Аталған шараны оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, профессор Кенжебаев Ғабит Қапезұлы өткізді.

 

 Біздің студенттер ЭКСПО -2017 еріктілері

 

        Филология және көптілді институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 1 курс студенттері Енлик Нуржакып пен Мадина Турарбекова Астана қаласына ЭКСПО-2017 көрмесіне еріктілер ретінде барады.
    Бұл өте қызық әрі жауапты жұмыс. Жалпы көрмеде 4000 астам ерікті жұмыс жасайтын болады. Еріктілердің бірқатары көрме аймағында адамдар легін бағыттап, нысандар мен инфраструктура элементтерінің орналасқан жерлері туралы ақпарат беріп тұрса, екіншілері келушілердің билеттерін тексеріп, жеке заттары жоғалған адамдарға көмектеседі; қызметкерлерге медициналық қызметте көмектесіп, демеушілер мен көрменің серіктестерінің қастарында жүріп, Көлік еріктілері тұрақтардағы көліктер легін реттеп, көлікті жеткізу, автобус аямалдамаларына бағыттап отырады.


Енлик Нуржакып пен Мадина Турарбековаға сәтті сапар тілейміз!

 

Бізде қонақта жас қазақстандық жазушы


         21 сәуірде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында ашық әдеби мектептің директоры, жазушы, драматург, әдебиеттрегері Михал Земсковпен орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс магистранттарымен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.
     М. Земсков 1990 жылдан бері проза жазумен айналысып келсе, 2005 жылдан ресейлік әдеби «Октябрь», «Дружба Народов» сияқты журналдарға басылып шығарылып, көптеген әдеби сыйлықтарың лауреаты атанған.
      Алматы ашық әдеби мектебінің авторы мен жетекшісі. Ресей жас жазушылар форумының, «Дружба Народов» журналының жазышылар жиналысының, Мәскеу жазушылар одағының, СЭИП қорының жанындағы әдеби мектептің қатысушысы. Мәскеу Жазушылар Одағының мүшесі.
   Михаил Земсков жас зияткердің қазіргі заманғы қоғамдағы тағдыры толғандырады. Ол өзі Азияда тәрбиеленген еуропалық интеллектуал.
     Кездесу орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының магистранттарымен сұрақ-жауап форматында өтті. Жазушы кафедраның кітапхана қорына өзінің соңғы кітаптарын, сонымен қатар Ашық әдеби мектептің танымал түлектері Ю. Серебрянский мен К. Рогожникованың романдары мен өлеңдер жинағын сыйға тартты.

 

Мәскеулік қонақтар студенттермен кездесті


          Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 26 сәуір күні мәскеулік ғалыммен кездесу өтті. Бұл жолы студенттер Дмитрий Университетінің сыртқы істер деканы Пожарский Дмитрий Юрьевич пен осы университеттің профессоры, ф.ғ.д. Алексей Игоревич Любжинмен танысты. А.И. Любжин - «Орыс мектебінің тарихы» атты үш томды ғылыми басылымның авторы білім берудің тарихы туралы қысқа әрі қызықты айтып берді.
    Қонақтарды Ресей Федерациясының консулы, ҚР-дағы Россотрудничествоның басшысының орынбасары Ирина Владимировна Переверзева таныстырды.
   И.В. Переверзева университетіміздің досы, кафедрамыз ұйымдастыратын мәдени шараларына қонақ болып қатысып тұрады. Жаңа таныстыстықтар күтеміз.

 

 

Қазақстан тарихы экранда


      2017 жылдың 21 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Таласбек Асемқұловтың сценариі бойынша түсірілген режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильмінің көрсетілім болды.
      Кездесуге қонақ ретінде жазушы Т. Асемқұловтың жары Наурызбаева Зира Жетібайқызы, жазушыны өте жақсы таныған Қазақстандағы белгілі мәдентеттанушы, аудармашы, сценарист, суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер Академиясының корреспондент-мүшесі Мейірхан Абдырахманов келді. Қатысушылар фильмді жасауға атсалысқан адамдардың естеліктерін қызығушылықпен тыңдады.
    Фильмді талқылауға мәскеулік қонақ, ф.ғ.д., РХДУ профессоры Бахтыкиреева Ұлданай Мақсұтқызы қатысты.
     Студент, магистрант, докторант пен оқытушылар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, бұрын-соңды білмеген тарихтың жаңа беттерін ашқындарын, кейіпкерлердің қазақ тарихындағы өзіндік орындарына қатысты ойларын айтты.
    Қонақтармен қызу талқы кафедрада жалғасын тауып, осындай кездесулер адамды рухани байытатындығына тағы да куәгер болдық.

    

 

 

 

 

 

Санкт-Петербургтегі әріптестеріміздегі қызықтар

 

2015 жылдың желтоқсанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасына дәріс оқуға А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Марина Сергеевна Костюхина келді. 
Көп студенттерге тек қана фольклор мен балалар әдебиетінен дәрістері ғана емес, сонымен қатар ол кісі ұйымдастырған қазіргі заманғы балалар әдебиеті тақырыбындағы дөңгелек үстел де ұнады.
Кафедра Санкт-Петербургтегі әріптестерімен кәсіби және достық байланысты жалғастыруда. Олар жақында ұйымдастырылған дисскуссия негізінде шығарылған «Балалар әдебиетіндегі қатер мен қорқыныш» атты кітаптарын жіберді.

 

 

 

 

ДИСКУССИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

8 наурызға арналған мерекелік концерт


2017 жылы 6 наурызда университетіміздің үлкен конференц-залында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері көктемнің алғашқы мерекесімен барлық әйелдер қауымын құттықтады.
Бұл мерекелік шараның ерекшелігі ҚР ҰҚК ШҚ Академиясының курсанттарының қатысуымен өтуі.
Кеш бағдарламасы би, ән, күй, авторлық монологтар мен басқа да шығармашылық нөмірлерді қамтыды. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген қытайлық студенттер де жеке нөмір дайындап құттықтады. Сөз соңында кафедра меңгерушісі Әбішева Сәуле Жүнісқызы Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен ҚР ҰҚК ШҚ Академиясының курсанттарына осындай тамаша кеш ұйымдастырып, жылы құттықтау білдіргендеріне алғысын білдірді.

 

 

 

Заңгерлермен кездесу


2017 жылдың 25 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Қаржы қызметі даму ұлттық қорының басшысы заңгер Ли Андрей мен әріптесі Татьяна Пожидаевамен кездесу өтті.
Кездесу интербелсенді семинар түрінде өтіп, бірінші курс студенттері мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды. Студенттер өздерінің құқықтары мен міндеттері жайлы мағлұмат алды. Айта кетсек пара беруге және соған көмектесу, тиым салынған орындарда шылым шегу мен спирттік сусындар ішу жазалары туралы және де елімізде тәртіпті сақтауда нөлдік шыдамдылық ұстанатындығы жайлы білді.
Заңгерлер жастардың өз бойында жауапты азаматтық ұстанымды тәрбиелеу мәселесіне баса назар аударды. Әр азамат «Әділесіздікке немқұрайлылық танытпау» позициясын ұстануы тиіс. «Адамның құқықтары екінші адамның құқықтары басталғанда бітеді» деді танымал қазақстандық заңгер Андрей Ли. Кафедра меңгерушісі Сәуле Жүнісқызы қонақтарға алғысын білдіріп, кафедра оқытушылары шығарған кітаптарды табыстады.

 

Жатақханадағы оқырмандар конференциясы


18 ақпанда № 3 жатақханада 3 пен 4 курс студенттері Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті З.Н. Поляктың оқу бөлмелеріне алып келген кітаптарымен танысты. Педагогика, филология кітаптары мен орыс тілін оқытудың әдістемесі студенттердің қызығушылығын тудырды. Алған әсерлерімен бөлісу үшін оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Әр қатысушы таңдап алған кітабінің авторы, жанры, мазмұны, болашақта қалай қолдануға болатындығы жайлы айтып берді. Педагогикалық іс-тәжірибеден соң студенттер білімнің аса қажет екенін түсінгені сөзсіз.

 

2017 - Педагогикалық практикасы

2017 жылдың 16 қаңтары күні орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 3-4 курс студенттеріне арналған нұсқаулық конференция өтті.
Педагогикалық іс-тәжірибенің жетекешісі Ш.Т. Кожакеева, кафедраның меңгерушісі С.Ж. Әбішеша және әдіскер оқытушылар студенттерді педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, қажетті ұсыныстар мен есептеме құжаттың тізімдерін берді.
Педагогикалық білім алатын студенттердің өздерін мұғалім рөлінде сомдауы өте жауапты кезеңдердің бірі. Төртінші курс студенттері өздерін сенімдірек, себебі бұл олардың екінші іс-тәжірибесі. Үшінші курс студенттерін «Сабаққа қалай дайындалсам болады? Оқушылар мені тыңдайды ма? Іс-тәжірибені ойдағыдай өткізе аламын ба?» сынды көптеген сұрақтар мазалайды.
Бұл кезеңде оларға әдіскер оқытушылар өз қол ұшын беріп отыратын болады. Болашақ мұғалімдерге жемісті жұмыс пен шығармашылық шыңдалу тілейміз!

 

 

Абай поэзиясын аударудағы мәселелерге арналған дөңгерелек үстел.


2016 жылдың 23 желтоқсаны күні орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Абай шығармаларын аударудағы мәселелер тақырыбында халықаралық дөңгелек стөл өтті. Бұл шара АҚШ профессоры С.В. Шелухинаның біздің жоо келуіне орай ұйымдастырылған болаты.
Дөңгелек стөлге ХДРУ-дың филология ғылыдарының докторы, профессор У.М. Бахтыкиреева мен белгілі филолог әрі аудармашы К. Жанабаев, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ филология ғылымдарының докоры, профессор Ш. Садыбаева қатысты. Өзекті мәселелерді талқылауға әдеби аудармашы, Беларуссиядағы Гродненск университетінің доценті З.З. Сидорович пен кафедраның оқытушылары мен студенттері ат салысты.
С.В. Шелухина Абайдың өлеңдерімен Кеңес поэтика мектебінің негізін салушы, У.Уитмен, У.Шекспир мен Европа мен АҚШ ақындарының аудармашысы Михаил Зенкевичтің аудармалары арқылы танысқан. Поэт-акмеисттің өмірі мен әдеби шығармашылығы туралы диссертация да жазған.
У.М. Бахтыкирееваның сөздері бұл бас қосуды ғылыми сарынға бағыттады. Өзінің аударма ісіндегі тәжірибесімен Кайрат Жанабай да бөлісіп, Абайдың өлеңдерінің орыс тіліндегі, Ш. Садырбаева Абай өлеңдерінің ағылшын тіліндегі өзіндік аудармаларын оқыды.
Тулеген Меркибаев Абайдың әндерін нақышына келтіре орындап, қонақтарды тәнті етті.
АҚШ пен Беларуссиядан келген қонақтар Абайдың шығармашылығын талқылау арқылы қазақ елінің ділімен танысып, өздеріне көптеген мәліметтер алды.

 

 

Махаббат туралы өлеңдер оқылды...


2016 жылдың 3 желтоқсаны күні 3 жатақхананың студенттері «Махаббаттың түсініксіз тұстары туралы сөйлесейік» атты әдеби-сазды кешке жиналды.
Бірінші курс стденттері орыс және қазақ поэзиясының классиктерінің махаббат жайлы өлеңдерін оқыса, 4 курс қыздары 20 ғасырдағы лирикадан білімдерімен бөлісті.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті З.Н.Поляк Б.Окуджава, Ю. Визбордың авторлық әндері туралы айтып берді. Студенттерге бардтардың әндері ұнап, бірге қосыла шырқады.

 

Магистранттардың педагогикалық практикасы тәмамдалды.


2016 жылдың 30 қарашасы күні орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2 курс магистранттарының падагогикалық іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті.
Магистранттар есеп беріп, тәжірибе барысында туындайтын қиындықтардың шешімдері туралы сөз қозғады.
Магситранттардың 1 курс студенттерімен бірлесе дайындаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шарасына кафедра меңгерушісі С.Ж. Әбішева жоғары бағасын берді.
Ш.Т. Кожакеева магистранттардың педагогикалық іс-тәжірибесінің алдағы жұмыстарына өте қажет екенін айты.
Іс-тәжіриеге жауапты доцент З.Н.Поляк педагогикалық іс-тәжірибенің қорытындысын шығарып, магистранттардың болашақта жинаған білімдерін іс жүзінде қоладанатындарына сенім білдірді.

 

Мерекелік концерт


2016 жылдың 30 қарашасы күні орыс тілі мен әдебитеі кафедрасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Осы шарамен 2 курс магистранттарының педагогикалық практикасы тәмам болды.
Ұйымдастырушылар еліміздің тарихынан қазіргі күнге дейінгі аралықты қамтитын ақпараттық фильм ұсынды.
1 курс студенттері аталған тақырыпта өлеңдер оқыды. Кафедраның ардагері М.Р.Кондубаева, Эстониядан келген қонағымыз С.Н. Доценко мен кафедра меңгерушісі С.Ж. Әбішева қатысып, сөз сөйледі.
Дәстүр бойынша бұл игі шара қазақтың шашуымен аяқталды.

 

О.И. Федотовтың тақырыптық лекциясы


2016 жылдың 23 қарашасында шақырылған профессор, филология ғылымдарының докторы Олег Иванович Федотовтың тақырыптық лекциясы өтті. Ресейдің атақты ғалымы, өлең теориясының маманы әдебиттану ғылымындағы қиын мәселелер туралы жеңіл әрі қызықты айтып берді.
Болашақ мұғалімдер өздерінің мамандықтары бойынша аталған тақырыпқа байланысты жаңа әдістемелік амалдармен танысып, барлық тыңдаушының әдебиеттану қызықты екенініе көздері жетті.
ҚазҚызМемПУ келген студенттеріміз бен Филология және көптілді білім беру институтының орыс және қазақ бөлімдерінің студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары тақырыптық лекцияға алғысын білдірді.

 

 

                                                                         Бізде қонақта - Мәскеу профессорлары.

12-27 қараша аралығында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында РМГУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Олег Иванович Федотов пен РХДУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Антонина Олеговна Шелемова Ресей профессорлары шақырылып сабақ өткізді.
Ғылыми алмасу бағдарламасы барысында бакалавиат студенттері мен магистранттарына лекция оқылып, докторанттарға кеңес беру шаберлік сабақтары өткізілді.
Студенттер мен оқытушылар жетекші филолог-ғалымдармен кездесіп, Ресей мамандарымен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне дән риза болды.

 

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Слупск қаласының Помор академиясының ынтымақтастығы


2016 жылдың қазан айында Слупск қаласындағы (Польша) Помор академиясында жаңа оқу жылының салтанатты ашылуы өтті.
Биыл бұл академияның ректоры қызметін 2016 маусым айында Абай атындағы ҚазҰПУ халықаралық делегация құрамында келген З.Осадовский иемденді.
Ашылуға әр-түрлі елдердің жоғары дәрежелі өкілдері де қатысты. Соның ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры В.Н. Косов мырза да болып, Помор академиясының басшылығына екі жоо арасындағы ынтымақтастықтың серпінді дамып, қазіргі таңда Польшадағы жоо 18 студентіміз филология, математика, биология сияқты факультеттерде білім алып жатқанын атап айтты.
Филология институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері мен магистранттары жаңа оқу орынына жылдам жерсінуде.
Былтыр семестрлік білім алған орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының магистры Максим Пономоренко биыл Помор академиясында докторантура дәрежесінде оқуын жалғастыруда.
Сөз соңында ректор Збигнев Осадовский Помора академиясы Абай атындағы ҚазҰПУ ынтымақтастығын дамытпақ ниетте екенін айтты.

 

Ректор Збигнев Осадовский 

 

Жаңа әдеби клубқа шақырамыз!

Филология және көптілді білім беру институтында әдеби «Стеклянная улитка» атты жаңа клуб өз жұмысын бастады. Клубтың жетекшісі: орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филолгия ғылымдарының кандидаты Адибаева Шолпан Тимурқызы.
Әдеби клубтың алғашқы кездесуі 1 қазан күні өтіп, филолог-студенттер ағылшын жазушысы Джоан Кэтлин Роулингтың Гарри Поттер кітабы талқыланды.

 

          


 Біз үшін басты мереке - Ұстаздар күні


Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері 30 қыркүйек күні оқытушыларына «Ұстаздар күніне» арнап мерекелік шара ұйымдастырды.
Бағдарламада студенттер ән айтып, би белеп өздерінің шығармашылықтарынан мәнерлеп өлендер де оқыды.
Мерекелік көңіл күй сыйлаған бірінші курс студенттеріне және олардың топ жетекшілері Ш.Т. Адибаева мен А.Т. Онгарбаеваға алғысымызды білдіреміз.

 

           

 

              

 

1 қыркүйек - білім күні
2016 жылдың 1 қыркүйегі күні жаңа оқу жылының басталуына орай Абай атындағы ҚазҰПУ мерекелік шара өтті. Бұл шарадан филология институтының студенттері де тысқары қалмады.


Салтанатты шара орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында өз жалғасын тауып, кафедра меңгерушісі С.Ж. Әбішева мен Абай атындағы ҚазҰПУ ардагер профессоры М.Р. Кондубаева бірінші курс студенттеріне ізгі тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.


1 курс студенттері мен магистранттары болашақ ұстаздары мен университеттегі топ жетекшілерімен, жоо академиялық күнтізбесі және оның ережелерімен танысты.
Жаңа оқу жылында студенттеріміз университет қабырғасында жемісті де жеңісті күндерін өткізеді деген сенімдеміз.

 

Конституция күніне арналған мерекелік шара


2016 жылдың 26 тамызында филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасыда нағыз мереке өтті. Биыл оқуға түскен магистранттар ұйымдастырған бұл шара Қазақстан Республикасының Конституция күні мен Мәңгілік ел бағдарламасына арналып Жанар Каримовамен осы тақырыпта видеофильм мен презентация ұсынылды.

Жанна Кермешева өз кезегінде Конституциямыз туралы қызықты фактілерді келтірді.

Оқушы Айдана Нүсіпбекова, екінші курс студенті Нурила Қарабасова және ұстаз Төлеген Меркебаевтың орындауындағы әндерді мерекелік концертке келген мектеп оқушылары, студенттер мен ұстаздар жылы қабылдап, қошеметтерін білдірді.

    
Университетіміздің магистратурасын тәмамдап, биыл докторантураға түскен Айжан Нүсіпбекова шағын концертке саусағынан бал тамған домбырашы Айдар Әбілқасымовты шақырып, екі аспапта бірдей орындайтын музыканттың күйлерін тыңдармандар бірнеше қайтара орындатып өнеріне тәнті болды.

Кездесудің соңында кафедраның меңгерушісі Әбішева Сауле Жүнісқызы сөз алып, азаматтық, заң, патриотизм туралы ой қозғады.

 

Түлектерді құттықтаймыз!
2016 жылдың 30 маусым күні филология институтында «2016 жылдың түлектеріне» дипломды ресми түрде табыстау шарасы өтті. Институт директоры Балтабай Әбдіғазыұлы сөз сөйлеп, құттықтап болашақ өмірлеріне сәт-сапар тіледі. «5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының түлектері кафедрадағы сүйікті оқытушыларымен қимай қоштасты. Біздің университетіміздің қабырғасынан түлеп шыққан студенттерімізге алдағы белестерді бағындыруда ашық жол тілейміз және де алдағы магистратураға қабылдау экзаменінде қайта жолығамыз деп сенеміз.

 

Магистр диссертациясын қорғау
2016 жылдың маусым айында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында магистранттарының мемлекеттік емтихандары тәмам болды. "Орыс тілі мен әдебиеті" және "Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті" мамандықтарының магистранттары мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрағасы профессор К.Л. Кабдолованың алдында қорғалды.
Диссертация қорғау ғылыми пікірталаспен, талқылаумен өтті. Ғылыми жетекшілер мен рецензиялаушылар жоғары деңгейдегі зерттеу жұмыстарының жүргізілгенін байқап, жақсы пікірлер айтты.Қорғалған барлық магистранттарға аттестациялау комиссиясы "магистр" дәрежесін беру шешімін қабылдады. Студенттерімізге табысты мансап, кәсіби өсу мен өркендеу тілейміз.

 

 

Түлек - 2016

2016 жылдың 14 мамыры күні 5В011800 и 5В012200 мамандық түлектері мемлекеттік емтихан тапсырды.
Болашақ ұстаздар университет қабырғасында өте жақсы оқып, қоғамдық шараларға қатысып, ғылыми жұмыстар жазып, филология ғылымын қызыға зеттерттеп, педагогикалық іс-тәжірибені табысты өтті.
Мемлекеттік емтиханды барлығы дерлік өте жақсы тапсырып, дипломдарын тамаша қорғап шықты. Бакалавр тәмамдаған түлектеріміздің ендігі мақсаты магистратураға түсу және өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу. Барлығына сәт сапар мен бақытты өмір жолын тілейміз!

 

Жатақханадағы әдеби кеш
2016 жылдың 8 мамыры күні №3 жатақхана студенттері Жеңіс күніне арналған әдеби-сазды кешке жиналды.
Бұл кеште Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтардың өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Соғыс жылдарының суреттері де көрсетілді.
Поэзия, музыка, соғыс корреспондеттерінің фотолары әсерлі болып, жастарымыз соғыс ардагерлерінің ерен еңбектері мен қажырлы қайратына таң қалып, көңілдері толқып, халқы үшін жасалған тарихи ерліктеріне алғысы шексіз болды.
 

                                                           

   Біздің Наурыз

2016 жылдың 14 сәуірінде «Спартак» стадионында Филология институтының Наурыз мейрамы болып өтті.
Мерекенің салтанатты ашылуында Университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры А.Т.Кулсариева Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасыныңардагерлері М.Р. Кондубаева мен Л.К. Жаналинаға «Үздік ұстаз» төсбелгісін тақты.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы бұл мейрамға жақсы дайындалғаның дәлелі наурыз көже, қазы-қарта, ірімшік, бауырсақ және де басқа да дәмділер толған дастархан болды. Сусындардан қымыз, шұбат, сонымен қоса ыстық бешбарбақ та дастарханның сәнін келтірді. Мерекелік концерт өте әсерлі әзірленген.Әсіресе студенттер ұйымдастырған «Алыс сапарға аттанған адамға бата беру» атты қазақтың ұлттық салты ерекшеленіп, ұлттық киімдердің сән үлгілері ел назарына ұсынылды. Кафедра «Ұлттық би мен ән» номинациясынан үздік атанды. Студенттер мен ұстаздар осы мейрамды шуақты күнде тамаша көңіл күймен қарсы алды.

 


                                                        Біздікілер Америкада!

Филология ғылымдарының докторы, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Манат Мусатаева Шаяхметқызы 2016 жылдың 22 наурызы мен 2 сәуірі аралығында Калифорния университетінің (Лос-Анджелес, АҚШ)шақыруымен "Доминантные концепты казахской лингвокультуры" және "Этнолингвистический аспект казахской гастики" тақырыптарына лекция курсын оқыды. Қуантатына Калифорния университеті екінші жыл қатарынан Мусатаева Манат Шаяхметқызын лекция оқуға шақыруда. Сонымен қатар профессор М.Ш.Мусатаева екі апта көлемінде американдық әріптестерімен американдық студенттерге арналған электронды оқулық проектісін құруға бірлесе жұмыс істеді

                                    Педагогтың жүз жылдық мерейтойы

Үстіміздегі жылдың наурыз айында ардақты ұстаз Уәлит Алпанұлына жүз жыл толуына орай, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері мен магистранттары 2016 жылдың 31 наурызы күні Қазақстан КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі ҚұдайбергеновУәлит Алпанұлының қызы Светлана Уәлитқызымен кездесу өткізді.
Светлана Уәлитқызы әкесінің өмір жолын, жұмысын баяндап берді. Атадан балаға берілген мамандықтың иегері болған Уәлит Алпанұлы репрессияға ұшырап, қатал кезеңдерді басынан өткізген. Абай атындағы ҚазПИ-ның филология факультетін тәмамдаған ұстаздың өміріне арналған презентация көрсетіліп, студенттер У.А.Құдайбергенов Мәскеуд өткен бүкілодақтық ұстаздар съездінің делигаты болғанын білді. Еңбек жолының соңына қарай Алматы қалалық №95 мектептің ұжымын басқарған.
Достық атмосферасында өткен бұл кездесуде студенттер қонақтарға ән айтып, ұлттық би билеп, аспаптарда ойнап, өз ыстық ықыластарын білдірді. Осындай кездесулер болашақ педагогтардың өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттырып, «Ұстаз» деген ардақты мамандықтың маңызын түсіндіреді.

 

 

                                      &nb

5
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler