қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
08.10.2019

Жақсыға ұмтылайық!

 

2019 жылдың 6 қазанында Абай университетіндегі Педагогикалық шеберлік академиясы аясында құрылған «Шуақ» еріктілер тобы оқытушы Саят Ибраимовтың жетекшілігімен Алматы қаласындағы №1 Балалар үйіне барып мейрімділік іс-шарасын өткізді. «Шуақ» тобында 60-тан астам еріктілер бар.

 

Ізгілікті ту еткен университетіміздің студенттерінің басты мақсаты бүлдіршіндердің көңілін көтеру, мейірімге бөлеп,қызықты уақыт өткізу болды. Еріктілер балаларға тәтті сый жасап, жасөспірім балалармен футбол ойнап, олармен жарасымды сырласа отырып әңгіме айтты.

 

Балалардың қуанышқа толы жүздері мен бақытты күлкілеріне куә болу-бақыт. Өзгелерге бақыт сыйлау арқылы өздері бақытқа кенелген белсенді жастарымыздың ізгі істердің жалғасын табуына тілектеспіз!

 

 

   

 

  

 

Педагогикалық шеберлік академиясы



253

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler