қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
30.09.2019

Абай университетінде педагогикалық біліктілікті арттыру семинары өтуде

 

2019 жылғы 30 қыркүйектен 4 қазанға дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Вадим Аванесовтың (Мәскеу қ.) «Жаңа білім беру және сертификаттау технологияларында тест нысандарын қолдану» курсы бойынша педагогикалық біліктілікті арттыру семинары өтуде.

 

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ барлық институттарының профессор-оқытушылар құрамы қатысады.

 

Семинардың мақсаты - оқу мәтіндерін сандық есептеудегі теориялық негіздер мен практикалық дағдыларды зерттеу, оқу және өзін-өзі бақылау, тестілеу формаларын қолдану, бейімделу, оқу жетістіктерін бағалау және үнемі бақылау. Жаңа білім беру технологиялары, электрондық білім беру және компьютерлік бағдарламалар мен материалдарды қолдана отырып өзін-өзі оқыту мәселелері талқыланады.

 

Семинар аясында қатысушылар сандық оқу мәтіндері мен тест нысандарын, жаңа тапсырма нысандарын тест түріндегі тапсырмалар жүйесінде дамытуды зерттейді. Олар: тізбекті, қос мәтінді тапсырмалар; оқу және өндірістік жағдайларды дамыту, осы жағдайларға тест түрінде тапсырмалар, дайындық деңгейі мен құрылымын өлшеу әдістемесінің негізі, тест нәтижелерінің матрицалары, тест тапсырмалары мен тестілердің сапасын негіздеудің статистикалық әдістері, орташа тенденция, вариация көрсеткіштерін есептеу, корреляция коэффициенті, жаңа және ескі -тест нысандары, олардың білім беру және сертификаттаудың жаңа технологияларымен үйлесуі, әлеуметтік және кәсіби аккредиттеу.

 

Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға курсты аяқтағаны туралы сертификат беріледі.

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім



161

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler