қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
03.10.2019

Құрметті Абай университетінің оқытушылары және қадірлі әріптестер!

 

Сіздерді - еліміздің тұңғыш педагогикалық университетінің ұжымын кәсіби мерекеміз - Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

 

Біз жедел және өте маңызды өзгерістер кезінде өмір сүріп жатырмыз: білім беру дамуда, білім стандарттары жаңартылуда, жаңа ақпараттық технологиялар енгізілуде. Тек бір нәрсе ғана өзгеріссіз қалады, ол мұғалімнің қоғамдағы орны мен маңызы.

 

Бүгінгі таңда мемлекет бізге отандық білім берудің мәртебесін көтеріп, беделді және бәсекеге қабілетін арттырып, оны жаңа сапалық деңгейге шығаруды міндеттеп отыр. Бұл үдерістерді сіздердің қатысуларыңызсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін бізде қажетті инновациялық, мәдени және рухани әлеует бар, ең бастысы, бізде педагог кадрлар бар.

 

Ұстаз, сөзсіз, біздің қоғамның басты алтын қоры болып табылады. Өйткені, еліміздің болашағы - бүгін өмірге жаңа қадам басқан, әлемді танитын және өз жолын іздейтін жас буынның қолында. Біз қазақ елінің жаңа ұрпақтарын тәрбиелеуге жауаптымыз.

 

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен бейбітшілік, барлық істеріңізге сәттілік және жаңа бастамаларыңызға табыс тілеймін!

 

 

Құрметпен, ректор Такир Балықбаев



1305

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler