қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
20.09.2019

ҚазҰПУ студенттері «JETISÝ ARBA BÁIGESI - 2019» көпкүндік сайысына қатысады

 

2019 жылдың 17-25 қыркүйек аралығында Алматы облысының Кеген ауданында қазіргі жастарды Ұлы Дала мен Ұлы Жібек жолының тарихын, мәдени мұрасы мен рухын таныстыру мақсатында облыс әкімдігі ұйымдастырған «JETISÝ ARBA BÁIGESI - 2019» халықаралық студенттер байқауы өтуде.

 

Жарыстың мақсаты - Қазақстандағы жаңа ұлттық спорт, туристік және мәдени шараларға жастардың қызығушылығын арттыру; Ұлы Жібек жолы керуені үлгісіндегі қазақтың ежелгі көшпелілер технологиясын қолдану арқылы Алматы облысының қайталанбас табиғатымен саяхаттау; студент-жастарды көшпелі өркениеттің интеллектуалды және рухани мұрасын зерттеуге және сақтауға тарту; жастардың интеллектуалды, көшбасшылық және топтық сапасын көрсету; Ұлы Жібек жолы елдерімен студенттер алмасу; экологиялық және этнографиялық туризм аясында Алматы облысының табиғи байлықтарын және мәдени ресурстарын насихаттау; шалғай ауылдық аймақтардағы жастарды туристік саладағы жұмыстармен қамту.


Халықаралық жарысқа Ұлы Жібек жолы бойындағы Үндістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан елдерінің студенттері қатысады. Біздің еліміздің командасы құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері бар. Алматы облысының табиғи ландшафтарымен саяхаттау барысында қызықты жобаға қатысушылар ортағасырлық керуендердің негізгі көлігін - екі доңғалақты арбаны қолданады.

 

Жарыс төрт кезеңнен тұрады:
- Шөлді маршрут;
- Жазық маршрут;
- Тау бағыты;
- Жабық трассада арба-жарысы.

 

   

 

   

 

   

 

   

 



312

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler