қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
15.09.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ-да академиялық адалдықты нығайтуға арналған жиналыс өтті

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ.А. Токушевтің және университет әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Академиялық адалдық принциптерін орнату және «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің ұсыныстарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Кездесу бірінші проректор Мақтағали Бектемесовтың басқаруымен өткізілді. Іс-шараға оқу орнының проректорлары, институт директорлары мен кафедра меңгерушілері қатысты.

 

Кездесу нәтижесінде «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің ұсынысы бойынша «Парасат» адалдық орталығын құру, университетіміздің қызметінде академиялық адалдық қағидаттарын орнату үшін және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың барлық институттарында «Sanaly Urpaq» студенттік клубының ұяшықтарын ашу туралы шешім қабылданды.

 

   

 



248

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler