қазақша · русский · english
   

 

«Кішкентай формадағы пьесаларының өнерін бейнелеу контексіндегі фортепиано техникалық дағдыларды дамыту» тақырыбындағы ашық сабақ

 

2018 жылдың 20 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу үшін педагогика ғылымдарының докторы, профессор Лора Нарықбаева «5B010600-Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Қосымша музыкалық аспап (фортепиано)» пәні бойынша екінші курс студенті Гульсана Абденовамен «Кішкентай формадағы пьесаларының өнерін бейнелеу контексіндегі фортепиано техникалық дағдыларды дамыту» тақырыбында ашық сабақ өткізді.


Сабаққа Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессор-оқытушылар құрамы мен конкурстық комиссия мүшелері қатысты және музыкалық білім және хореография кафедрасының оқытушылары мен студенттері болды.


Комиссия Лора Нарикбаеваның жоғары кәсібилігін және мәртебесін атап өтіп, Абай атындағы ҚазҰПУ музыкалық білім және хореография кафедрасының профессорлық бос лауазымға мақұлдады.

 

         

 

         

 

         

 

Презентация

 

Студенттердің 5В010600-Музыкалық білім мамандығы бойынша Республикалық олимпиадаға қатысуы

 

2018 жылының 16-18 сәуірі аралығында Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 5В010600-Музыкалық білім мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына төмендегі студенттер құрамы жіберілді: Маржан Жақсыбек - 3 курс, Нұржігіт Аманбеков - 3 курс, Еркебұлан Дүзелбай - 4 курс, Балауса Бейсенғали - 4 курс. Жетекшілері: Өнер, мәдениет және спорт институты, Музыкалық білім және хореография кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Бекен Бекмухамедов, п.ғ.д. Менсұлу Джексембекова, п.ғ.к. Светлана Балагазова, өнертану канд. Ажар Айтуарова, доцент Сәбен Бәрібаев.


Студенттердің кәсіби шеберлігі және терең білімдері құзыретті қазылар алқасының жоғары бағаланып, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

 

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін - музыкант- студенттерді шын жүректен құттықтаймыз.

 

         

 

          

 

             

 

Педагогикалық тәжірибеден өту бойынша қорытынды конференция

 

2018 жылдың 04 сәуірінде Өнер, мәдениет және спорт институтының педагогикалық тәжірибеден өту бойынша жалпы есептік конференциясы аясында «5В010600 - Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша түлектерінің мемлекеттік педагогикалық тәжірибеден өтуінің қорытынды конференциясы өтті.


Тәжірибе жетекшілері, оқытушылар, әдіскерлер, студенттердің қатысуымен өткен конференцияда тәжірибеден өтуші студенттер есептерімен таныстырды, тәжірибе жетекшілері мен әдіскерлердің есептері мен ұсыныстары тыңдалды.

 

2017-2018 оқу жылында әдіскерлер профессор Лора Нәрікбаева және профессор Әлия Момбек жетекшілігімен №19 жалпы білім беру мектебінде «5В010600 - Музыкалық білім беру» мамандығының 18 түлегі кәсіби тәжірибеден өтті.

 

Педагогикалық тәжірибеден өту барысында студенттер «Музыка» пәнінің жаңа білім беру бағдарламасына сәйкес ашық сабақтар өткізді. Оның ішінде үздік студент-түлектер: Балауса Бесенғали, Айгерим Мұқаман, Исломбек Иуолдошов, Абай Азат, Тоғжан Ахметованың ашық сабақтарын айрықша атап өтуге болады.

 

№19 мектепте педагогикалық тәжірибенің сәтті өтуіне директор Назира Сарсенбаева , мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары Гульжахар Құдабаева және музыка оқытушысы Жанна Кузенбаева оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.

 

Тәжірибе соңында түлектер Рүстем Жансерік мен Еркебұлан Дүзелбайдың жетекшілігімен, студенттер концерт формасында оқушылар мен ұстаздарға арналған «Қош келдің, Наурыз!» жалпы музыкалық-тәрбиелік іс-шарасын өткізді. Кіріспе сөзбен және «Наурыз» мерекесімен құттықтаулармен кафедраның тәжірибе жетекшісі Менслу Джексембекова және әдіскер Лора Нарикбаева сөз сөйледі.

 

Концерттік бағдарламада студенттердің аспаптық музыка және би номерлерімен қатар, п.ғ.к., профессор Светлана Балағазованың жетекшілігімен музыкалық білім беру кафедрасының 1-4-курс студенттерінің хоры өнер көрсетті. Концертың соңында №19 мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі және ұстаздары студенттерге алғысын білдіріп, «Наурыз» мерекесімен құттықтады.

 

       

 

     alt=   

 

       

 

       

 

23.10.2017 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала жастары» жобасының негізгі ережелерін түсіндіру «Тәрбие және білім» бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының өкілдері арасында өзара кездесу өтті. 

Бұл іс-шараға Алматы қаласының «Рухани жаңғыру» Жоба кеңсесінің жетекшісі Қоңырова Г.Қ., Бағдарламаны басқару басқармасының менеджері Атабай Б.Қ. (Астана қ.), Алматы қаласының ЖОО жауапты қызметкерлері, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жалпы 60 қатысушылар белсенділік танытты.
Университет тарапынан кездесуге бірінші проректор Бектемесов М.А. және Жоба кеңсесінің менеджері Л.Ш.Какимова қатысты.

 

 

 

 

Aлматы көздің нұры, ақындардың жыры, береке мен бірліктің құтты мекені, тұрақтылық пен өркендеудің мызғымас символы


2017 жылдың 26 қыркүйек күні КазҰПУ-дың Өнер мәдениет және спорт институтының №7 дәрісханасында «Алматы көздің нұры, ақындардың жыры, береке мен бірліктің құтты мекені, тұрақтылық пен өркендеудің мызғымас символы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл кездесу Медеу ауданының «Қала» күніне орай іс-шаралар Жоспары бойынша өткізілді. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Е. Ж. Мұстафаевтың  ұйымдастыруымен  аталған іс-шараға  Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ермұрат Үсенов, Мәдениет қайраткері Ықылас Нұрғалиев, Білім беру ісінің Еңбек сіңірген қызметкері Болат Бимырзаев қатысты. Қонақтар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» атты бағдарламасы туралы өз ойларымен бөлісті және студенттердің мәдениет, тәрбие, білім туралы әр түрлі сұрақтарына жауап берді. Аталған іс-шараға студенттер, профессор-оқытушылар және БАҚ өкілдері қатысты. 

 

 

 

 

 

КАФЕДРАНЫҢ ПОҚ-ы СЕМИНАР-ТРЕНИНГЕ ҚАТЫСТЫ


06-10.06.2017ж. аралығында «Музыкалық білім және хореография» кафедраның ПОҚ-ы өнертану кандидаты, доцент, Айтуарова А.Т., п.ғ.к., доцент Какимова Л.Ш., доцент Өмірзақова А.И «Адамтану» атты Ага Хан жобасының (ПАХЧ) «Жеке адам мен қоғам/ Личность и общество» және «Ритм және қозғалыс/ Ритм и движение» курстары бойынша семинарға қатысты. Семинарды өткізгендер: Шамбеталиева Хадиче - Орталық Азия аймағының менеджері және Кәрімов Махкамбой - академик Бабаджан Гуфуров атындағы Худжанд мемлекеттік университетінің  «Мәдениет және саяси философия» кафедрасының аға оқытушы,  Худжанд қаласындағы Орталық Азия университетіндегі  «Адамтану» Ага Хан бағдарламасының  Инновациялық орталығының менеджірі.

 

«Ритм және қозғалыс/ Ритм и движение» атты  тараудағы «Ахмет Жұбанов. Құрманғазы» тақырыбында «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының қауымд.профессоры,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Жұмашұлы Мұстафаев қатысып, домбраға арналған күйлерін Құрманғазының «Кішкентай» және «Кісен ашқан», Сейтектің «2016 жыл», Дәулеткерейдің «Қаражан ханым», Тәттімбеттің «Сырнайлы» мен «Қосбасар», Н.Тілендиевтің  «Акку» т.б. қазақ  композиторларының шығармаларын тамаша орындап, мастер класс көрсетті. 

 

 

 

 

 

ЕРБОЛАТ МҰСТАФАЕВТІҢ КОНЦЕРТТЕРІ


22.05.2017 жылы «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының қауымдастық профессоры, Қазақстан Республикасының енбек сіңірген қайраткері, күйші Ерболат Жұмашұлы Мұстафаев «Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы» атты Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі  Республикалық кеңестегі концертке қатысқан.

 

 

5.05.2017 ж. Ықылас атындағы мұражайда өткен  "Күй өнерінің тағлымы" атты Е.Ж. Мустафаевтің лекция-концерті өтті

 

 

29.03.2017 ж.Талғар қаласындағы № 6  Жамбыл Жабаев атындағы мектепте болған Е. Мұстафаевпен кездесу және лекция-концертті өтті

 

 

12.04.2017ж. «Күй өнері және тәрбие» атты лекция концертті өтті

 

 

МАК ТӨРАҒАСЫ - 2017

2017 ж. мамыр айында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының м.а. профессоры, п.ғ.к. А.Қ. Ахметова  Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінде «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша  МАК төрағасының  жұмысын атқарды. 

 

  

 

НАУРЫЗ - 2017


        21.04.2017ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының ұжымы  «Наурыз - 2017» мейрамын атап өтті.

«Музыкалық білім» және «Хореография»  мамандығының 1-4-ші курс студенттері оқытушыларымен (кафедра меңгерушісі Қ.Е. Ібраева, ПОҚ-ы -  Л.Ш. Какимова, А.М. Қүлсеитова, Т.Ж. Қлышбаев, С.Т. Балағазова, Л.О. Брімгазина, О.Ж. Досанова, С.Б. Барибаев, Қ.Б. Намазова, А.Т. Айтуарова т.б., кафедраның лаборанттары - З.Р. Досімжанова, Г.А. Сыдықова), Алмат  Құмаржановтың басшылығымен  «Жаңа күн - жаңа өмір, жарқын белес!» атты театралды қойылым көрсетті.


           «Жаңа күн»  театрлік композициясының ашылуы

Наурыз тақырыбына байланысты болған сон «Жыл басы» атты хореографиялық эпизодымен басталды. Қатысушылары - Алдар-Көсе,  Жас жігіт, Жас Ару,  Көктем, Қыдыр-Ата.  «Аластау» және «Шашу» салттары көрсетілді; бишілер тобы «Шашу» биін биледі.

          Содан кейін, студенттік хор Е.Брусиловскийдің  «Кыз-Жибек»  операсынан  хор шығармасын орындады (солисттер: Шегенің ариясын 1 курс студенті Мәжен Бекзат, Қыз-Жибектің «Гәкку» ариясын 3 курс студенті Тұрсынбай Ботакөз орындады). «16 қыз» қазақ халық әнің солист 4 курс студенті Құрманбеков Асет хормен орындауында,  «Әлкисса», «Ән шашу», «Күй тартыс» т.б. шығармалар орындалынды.

             Наурыз мерекесі «Қара-Жорға» бимен жалғасты.

 

 

 

 

 

 

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КАФЕДРАНЫҢ ПОҚ-на АРНАЛҒАН СЕМИНАР

                   26.04.2017ж.-29.04.2017ж. аралығында Т.Жүргенов атындағы  Қазақ  Ұлттық өнер академиясында өткен  РФ ПБ ХҒА-ның академигі, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Эдуард Борисович Абдуллиннің «Настоящее искусство для всех!» атты семинарына Абай атында5ы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедраның ПОҚ-ы қатысты. Аталған іс-шараны Т.Жүргенов атындағы  ҚазҰӨА-ның профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, кафедраның ПОҚ-ның ғылыми жетекшісі Ритта Рамазанқызы Жәрдемәлиева ұйымдастыруымен өтті. Шәкірттері: п.ғ.д. профессор М.Ы. Джексембекова, п.ғ.к., м.а. профессоры А.Қ. Ахметова, п.ғ.к., қауымд.профессор А.А. Момбек, п.ғ.к., қауымд.профессор С.Т. Балағазовалар болды. «Музыкалық  білім және хореография» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к, м.а. профессор  Қ.Е. Ибраева, п.ғ.д., профессор Л.М. Нарықбаева, доцент О.Ж. Досанова т.б. семинарға  белсенді қатысты.  

 

П.ғ.д., профессор Э.Б. Абдуллин cеминар қатысушыларымен /Мәскеу, Ресей/ 

П.ғ.д., профессор Абдуллин, Профессор Б.Р. Раевамен п.ғ.д., профессор Р.Р. Жәрдемәлиева.

 

РОӘК - 2017

         2017 жылғы 24 сәуір айында Түркістан қаласында Х.А. Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өткен «5В010600 - Музыкалық  білім» мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының п.ғ.д., профессор М.И. Джексембековамен п.ғ.к., қауымд.профессор А.А. Момбек қатысты.

 

 

Пленарлық кеңесте.

РОӘК-нің қатысушылары: Х.А. Ясави  атындағы ХҚТУ-нің профессоры, п.ғ.д.  Р.Ш. Сыдыкова. 

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

          «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының қауымд.профессоры, п.ғ.к. Момбек А.А.  2017 ж. 18-21 сәуір аралығында Ресей елінің Воткинск қаласындағы «П.И.Чайковскийдің мұражайы» базасындағы өткен Музыкалық білімінің тарихи мәселелері бойнша Ғылыми кеңесінің  VI сессиясына  мүшесі ретінде қатысты.


 

 

А.А. Момбектің Ғылыми кеңесінің планарлық мәжілісінде сөз сөйлегені.

 

  2017 жылы 10-16 сәуір аралығында «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының оқытушылары өнертану кандидаты, доцент А.Т. Айтуарова мен доцент А.І. Өмірзақова Global Career Institute Грузия мемлекетінде Тбилиси қаласындағы өткен «Дәстүрлі мәдениетін оқыту дәстүрлі (халық) музыка таралуы» атты тақырыбынан халықаралық ғылыми тағылымдамаға қатысып, сертификаттарың алды.

 

 

 

 

  

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СҒІЖ - 2017

         12.04.2017ж. Өнер, мәдениет және спорт институтының ғылыми-іс жұмыстарының директорының орынбасары Л.Ш. Какимова «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы 70-ші мерейтойлық республикалық студенттер, магистранттар, PhD докторанттар мен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен «Өнер және мәдениет: теория мен тәжірибенің замануи бағыттары» атты секциясының қазылар алқасының төрағасы болып жұмыс атқарды.

 

 

 

 

 

 

    Martin Рirchal мырзаның MusiQuE Quality Enhancement (Брюссель, Бельгия) халықаралық аккредитация агенттіктің басқарма төрағасының шақыруы бойынша музыкалық білім сапасын жетілдіру мақсатында Астана қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінің халықаралық аккредиттеу рәсіміне қабылдауына Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім мен хореография» кафедрасының қауым.профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты  Ибраева Қамарсұлу Ершатқызы 2017 жылы 13-16 наурыз айының кезеңінде қатысты.

MusiQuE Quality Enhancement тәуелсіз бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі сыртқы жоғары музыкалық білім Еуропалық қауымдастығына еуропалық ұйым болып табылады. Жоғары оқу орны қызметінің жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын халықаралық стандарттар мен өлшемдерге сәйкестігін сарапшылардың  бағалау нәтижелері бойынша тұтастай және жоғары оқу орны болып танылады.

Қ.Е. Ибраева ҚазҰӨУ-ң 19 саналатын музыкалық білім беру бағдарламалары бойынша сараптама тобының мүшесі болып табылады.

 

Ел Егемендігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасуына арналған Республикалық ғылыми шығармалар байқауының «Үздік ғылыми мақалалар» номинациясы бойынша Өнер, мәдениет және спорт  институтының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Институтының ғылыми жұмыстарының директор орынбасары п.ғ.к., доцент Л.Ш. Какимова, «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор М.І. Джексембековалар марапатталды.

Қауымдастық Президенті профессор Р. Алшанов қатысушыларды құттықтады. Дипломанттар арасында Абай атындағы ҚазҰПУ-ң тәрбие жұмыстарының проректоры Ж.Е. Ішпекбаев және университеттің  оқытушылары болды. Құрманғазы атындағы ҚҰК-ң  профессоры, п.ғ.к. Л.Т. Қалиақпарова, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ң ректоры  Б.Н. Нүсіпжановалар т.б. осы іс-шараға қатысты.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясына 70 жыл толды.  Мемлекет басшысы ҚР ҰҒА қазақстандық ғалымдарын 70 жыл мерей тойымен құттықтап, олардың қазіргі Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап кетті.

Абай атындағы  МАТОБ Республиканың алғашқы академиялық концерттік залында  өткен осы іс-шараға Өнер, мәдениет және спорт  институтының профессор-оқытушылар құрамы қатысты: институт директоры п.ғ.д., профессор Н.Е. Исабек, Музыкалық білім және хореография кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор М.І. Джексембекова, Дене мәдениет және спор педагогтарын даярлау теоериясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі А.Н. Ілясова т.б. 

 

 

2016ж.25.10. Өнер, мәдениет және спорт институт қабырғасында «Intercultural communication in education» пәнінен «Main tendencies in education development of the Republic of Kazakhstan» тақырыбы бойынша  «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының п.ғ.к., профессор м.а. Қамарсұлу Ершатқызы Ибраеваның ашық сабағы өтті. Сабаққа «Музыкалық білім» және «Педагогика және психология»  мамандықтары  бойынша оқитын 3-4-ші курс студенттері мен магистранттар мен докторанттар белсенді қатысты. Айтарлықтай бұл ашық сабақ «Үздік оқытушысы - 2016» атты республикалық конкурстық іріктеу лауазымына қатысу үшін сәйкес жүргізілді.

Ашық сабағында оқытушы заманауи интербелсенді оқу әдістерін қолданды, оның ішінде - рөльдік ойын, миға шабуыл, мини топтармен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін Венн-диаграммасын қолдану және т.б.  Сабақтын сонында студенттер ағылшын тілінде «Shut De Do»  Р. Stonehill әнін орындады (аспапта соло орындаушы - Кенесбеков Талант, вокалдық соло- 3 курс студенті  Тұрсынбай Ботакөз).

Институт директоры, «2015 жылының ЖОО ұздік мұғалімі» Б.А. Әлмұхамбетов және кафедра меңгерушісі М.І. Жексембекова жылы тілек сөздерін  білдірді.

 

 

 

2016ж. 30.11. Өнер, мәдениет және спорт институтының Музыкалық білім және хореография кафедрасының студенттер мен профессор-оқытушылары қалалық сенбілік іс-шараға қатысты. Бірінші курс студенттері кураторларының жетекшілігімен белсенді жұмыс атқарды (Джексембекова М.И., С.Б. Барибаев, Бекмұхамедов Б.М., Қылышбаев Т.Ж., Мұстафаев Е.Ж., Маханов Е.Т. және т.б.).

 

 

 

 

 

 

 

  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен  ЮНЕСКО-ның жариялануымен  2016 жылды  Ясауи жылы деп, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастыруымен 2016 жылдың қазан айының 13-14 күндері Түркістан қаласында   «Қ.А. Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты V-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.Конференция жұмысына белсенді қатысқан институт ПОҚ-ның академиялық ұтқырлық және ҒІЖ-ң директорының орынбасары, п.ғ.к., доцент Л.Ш. Какимова («Музыкалық білім және хореография» кафедрасынан) іс-сапарымен барып қайты. 

 

Конференцияның ашылуы. Пленарлық мәжілісі. Баяндамашы - мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры, ф.ғ.к., доцент Ж.Әубәкір.

Секцияның баяндамаушысы п.ғ.к., доцент Какимова Л.Ш.

«Тәуелсіздік және мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктер»  атты секцияның қатысушылары.

Секцияның құрамы.

Конференцияның қонақтары.

      Музыкант-педагогтар: Тобагабылова А. - Қ.А. Ясауи ат. аға оқытушы; Сыдыкова Р.Ш. - п.ғ.д., Қ.А. Ясауи ат. профессоры; Какимова Л.Ш. - п.ғ.к., Абай ат. ҚазҰПУ-ң доценты.

 

___________________________________________________

 

 

6-7 сәуір 2015 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтында студенттердің «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Негізгі музыкалық аспап» пәнінен VII-ші Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысушы өнерпаздарға құттықтау сөзді университеттің оқу-ісі жөніндегі проректоры Ақтолқын Тұрлыханқызы Құлсариева, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Берікжан Айтқұлұлы Әлмұхамбетов және Бейнелеу және сызу өнерінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Смаилқызы Сманова, Музыкалық білім және хореография кафедрасының меңгерушісі Лора Мақсұтқызы Нарикбаеваға сөз берілді. Қазылар алқасы құрамының төрайымы п.ғ.д., профессор, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық акдемиясының профессоры Р.Р. Жәрдемәлиева болды.
Олимпиада дипломдарымен Музыкалық білім және хореография кафедрасының 1 курс студенті Якупбай Елдос (домбыра, жетекшісі оқытушы Егізбаев Ж.Б.) және 2-ші курс студенттері Камитова Сәуле (фортепиано, жетекшісі п.ғ.д., доцент Бекмұхамедов Б.М.) және Тұрлыбаев Әлихан (баян класы, жетекшісі доцент Барибаев С.Б.) марапатталды.
Олимпиадаға қатысушылар: студенттер, жетекшілер, концертмейстерлер диплом, сертификат және алғыс хаттармен марапатталды.

«Музыкалық білім және хореография» кафедрасы2008-2009 оқу жылында қалыптасты. Кафедраның барлық оқытушыларының базалық  және кәсіби музыкалық білімдері бар

 

1060
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler