қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
12.06.2019

Институттар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына арналған семинарлар

 

2019 жылдың 12 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Педагогикалық білім берудегі заманауи трендтері» Жазғы мектебінің аясында семинарлар өткізілді. «Менеджменттегі ұйымдастырушылық іс-қимыл және команда құру» және ««Өркендеу» бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» тақырыптарында екі сессия өтті.

 

Бірінші сессия бойынша Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Әйгерім Көшербаева «Менеджменттегі ұйымдастырушылық іс-қимыл және команда құру» тақырыбында семинар-тренинг жүргізді. Сессияға университеттің институт директорлары мен құрылымдық бөлім басшылары қатысты. Тыңдаушылар басқарудың ең өзекті бағыттарымен танысып, командалық жұмыстың маңыздылығын және команданың қолайлы психологиялық климатын құрудың маңыздылығын атап өтті. Семинар тақырыбы бойынша пікір алмасу болды.

 

Жазғы мектепті ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша екінші сессияда «Өркендеу» бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында бағдарлама авторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Сараш Қоңырбаева семинар жүргізді. Ол білім беру ұйымдарындағы алдағы оқу жылына жоспарланған тәрбие жұмыстарындағы жаңа бағыттар туралы айтып берді.

 

Сессия барысында «Өркендеу» бағдарламасының құрылымы мен мазмұны, мұғалімнің тәрбие жұмысының қазіргі парадигмасындағы рөлін өзгерту мәселелері талқыланды. Тыңдаушылар ұсынылған материалдардың университет оқытушыларының келешектегі тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруда өзектілігін атап өтті.

 

   

 

   

 

  



220

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler