қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
10.06.2019

«Балдәурен білгірі-2019»

республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауы

 

«Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2019 жылдың 5-6 маусым аралығында 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдәурен білгірі-2019» республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Байқау төмен және орта жас мектеп оқушыларының шығармашылық және зияткерлік мүмкіндігін дамытуға, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған. Байқауға республиканың жалпы орта білім беретін мектептерінің ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметте айтарлықтай табыстарға жеткен іздену мен зерттеуге қызығушылығы бар 2-8 сыныптың дарынды және талантты оқушылары қатысты.

 

Байқауға Нұр-сұлтан, Алматы, Арқалық қалаларынан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарынан жалпы білім беру мекемелерінің, мектеп-гимназия, лицей оқу орындарының ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметте айтарлықтай табыстарға жеткен 2-8 сынып оқушылары 10 бағыт бойынша қатысты.

 

Байқаудың әділ-қазылар мүшелерінің құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институтындағы «География, экология және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Андрей Абулгазиев, «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Ерлан Бірталаев, «Химия» кафедрасының аға оқытушысы Жанар Жақсибаева, «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Махаббат Аманбаева болды.

 

Байқау барысында І, ІІ және ІІІ орындарды иеленген оқушылар арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды. І-ші орын алған оқушылар «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығына тегін жолдама алды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

«Химия» кафедрасы



345

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler