қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
30.11.2015

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің п.ғ.к.,профессоры Ф.Г.Брулеваның 80 жылдық мерейтойына арналған «Тіл білімі, әдебиеттану және
лингводидактикадағы өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел


2015 жылдың 24 қараша айында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің п.ғ.к.,профессоры Ф.Г.Брулеваның 80 жылдық мерейтойына арналған «Тіл білімі, әдебиеттану және  лингводидактикадағы өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына бiздiң университетiмiздiң ғалымдарынан басқа (ҚХР) Iле педагогикалық университетi, Алматы қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебi, К.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық университетi, Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетi, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университетi, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi, Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттiк университетi, Қазақ еңбек және әлеуметтiк қатынастар академиясы, И.В.Панфилов атындағы №54 ҚРМГ ғалымдары мен әдіскерлері қатысты.
Пленарлық мәжіліске Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология институтының директоры, п.ғ.д.,профессор Б.Әбдіғазиұлы, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТғылыми істер жөніндегі проректоры К.У. Кунакова, Атамұра корпорациясының вице-президенті Г.Н. Жарылғасымова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың көптілді білім беру институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Т.Т.Аяпова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.Б. Бегалиева, Шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, ЖМА академигі, ф.ғ.д.,профессор К.И. Мирзоев, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ф.ғ.д., профессоры Т.К. Жумажанова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика және психология институтының профессоры п.ғ.д., Н.Н.Хан, Қазақстан Республикасының құрметті мұғалімі, ҚазКСР-нің халық білім беру озаты п.ғ.д., профессор В.К.Павленко, №54 ҚРМГ мұғалімдері, ЖБМ №194, оқытушылары мен студенттері қатысты.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі С.Б. Бегалиева Ф.Г. Брулеваның көп жылдық педагогикалық қызметі арқасында мыңдаған білімалушыларының орыс тiлi мен әдебиеті бойынша сапалы білім алғандарын және білікті педагогтарды дайындауда өте үлкен еңбек сіңіргендігін баса айтты. Біздің универстетімізде Флора Гильмеевнаның педагогикалық жұмыс өтілі 36 жылды құрайды, ал жалпы педагогикалық өтіл -56 жыл! Флора Гильмеевна кафедрада жұмыс істеген кездерінде 100-ден аса ғылыми жұмыстарын отандық және шетелдік басылымдарда жариялады. Ол шетел азматтарына арналған ондаған оқу құралының авторы. Флора Гильмеевнаның еңбектері «Қаз КСР-нің халық ағарту ісінің үздігі», «ҚР білім беру жүйесінің құрметті қызметкері», «Еңбек ардагері» белгісі, «Үлгілі ұстаз», сонымен бірге, Ұлы Отан соғысының 70-жылдық мерейтойына қатысты медалімен және грамоталармен марапатталған. 2015 жылы «Жылдың үздік әдіскері» Республикалық байқауына қатысып, 3-ші орынды иеленіп, құрмет дипломы берілді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология институтының директоры, п.ғ.д.,профессор Б.Әбдіғазиұлы салтанатты жағдайға институт атынан «Алғыс хат» табыстап,Флора Гильмеевнаның көп жылдардан бері университетте жемісті еңбек етіп, келешек педагогтарды дайындауда үлкен күш жұмсағандығын атап көрсеттi. Құрметтi Флора Гильмеевна жыл сайынғы ПОҚ рейтингтiк жүйесiн бағалау жұмысы бойынша өзгерiссiз жылдан жылға лидерлік үштiкке енедi. Флора Гильмейқызы өткен оқу жылында 3870 балл жинаған.
«Атамұра» корпорациясы атынан оның вице-президенті Г.Н. Жарылғасимова мерейтой иесін құттықтап, корпорациямен жемісті ынтымақтастықтың жалғасуына сенім білдіреді. Сондай-ақ ол Флора Гильмеевна 5,7,10 және 11сынып оқушыларына арналған орыс тілінен оқулық пен оқу құралдарының авторлық ұжымының мүшесі, сонымен қатар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептердің 10-11сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының авторы болып табылатындығына назар аудартты. 2003жылдан бастап Ф.Г. Брулеваның жетекшілігімен авторлық ұжым «Атамұра» және «Мектеп» баспаларында ҚР жалпы білім беретін мектептері үшін 55 астам жаңа буынды оқулық мен оқу құралдарын жарыққа шығарды.
Салтанатты жиынға профессордың әріптестері, шәкірттері келіп 80-жылдық мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының шетел студенттері сүйікті оқытушысына арнап концерттік бағдарлама дайындады. Өз кезегінде мерейтой иесі келген қонақтарына алғысын білдірді.

   

 

Ақпаратты дайындаған: Ж.Б. Бейсбекова

 



695

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler