қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
03.06.2019

«Үздік пленэр» - Ректор сыйлығының байқауы


2019 жылдың 29 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен және студенттік ректораттың ұйымдастыруымен «Өнер, мәдениет және спорт» институтының студенттеріне «Жастар жылы» аясында «Үздік пленэр» тақырыбында шығармашылық практикалық байқау өтті.

 

Байқауға 30-дан астам студенттер қатысып, өз таңдаулары бойынша Алматы қаласының көрікті жерлерінде пленэр жұмыстарын жазды. Қатысушылардың пленэрлік жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, көрменің ашылу салтанатында ректор Такир Балықбаев құттықтау сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздарына «ректораттың арнайы сыйлығын» жариялады.

 

Байқау қортындысы бойынша, «Көркем білім» кафедрасының оқытушысы Базар Ырыстанұлының жетекшілігімен «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 1-ші курс студенті Жұлдыз Жұмабай I-ші орынды, Аружан Ералиева II-ші орынды, Дариға Касенова III-орынды, Ерлан Асембайұлының жетекшілігімен Жансая Ешманова II-ші орынды, Ержан Рысымбетовның жетекшілігімен Тоғжан Есім III-ші орынды иеленді. Сонымен қатар, ынталандыру сыйлығы бойынша оқытушы Советқажы Жаманкараев, Зоя Рабилованың жетекшілігіндегі студенттер арнайы дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталып, жетекшілерге ректордың Алғыс хаты табыс етілді.

 

Байқаудағы ең үздік жұмыстар университет қорына алынды. Іс-шара студенттерге практикалық жұмыспен қатар шығармашылық жұмыс жазуға қызығушылықтарын арттырды. Байқау жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы

 



557

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler