қазақша · русский · english
 
 
 
 Ибраева Қамарсұлу Ершатқызы
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының кандидаты, Доцент
Уалиханов көшесі, 64А
 +7(727)-293-87-73
kamar.sulu@mail.ru

 

Музыкалық білім және хореография кафедрасы 1967 ж. ашылған. Алғашқы (1967-1969) кафедра меңгерушісі Б.С.Кутунов болды. Содан соң әр жылдары кафедра меңгерушілері болып Г.С.Августинович, С.Н.Гевич, Р.К.Касенова, Т.А.Кішкашбаевтар еңбек етті.


1988 ж. кафедра музыкалық-педагогикалық факультеті болып өзгеріп, оған 1998 жылға дейін п.ғ.д., профессор М.Х.Балтабаев жетекшілік етті. 2008 ж. психология-педагогика факультетіндегі бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасында «050106 - Музыкалық білім» және «050409 - Хореография» мамандықтары ашылған. 2009 ж. кафедра «Бейнелеу өнері, музыка және хореографияны оқытудың әдістемесі» кафедрасы болып өзгеріп, көркем сурет және графика факультетінің құрамына кірді.


2010 ж. бастап бүгінге дейін «Музыкалық білім және хореография» кафедрасы «Өнер, мәдениет және спорт институтының» дербес бөлімшесі ретінде қызмет атқарады және екі бакалавриат мамандықтары бойынша мамандар даярлайды: «5В010600 - Музыкалық білім» және «5В040900 - Хореография». 2010 - 2017 жж. аралығында кафедраға жетекшілік еткендер: п.ғ.к., доцент Ахметова А.К., п.ғ.к., доцент Кәкімова Л.Ш., п.ғ.д., профессор Нәрікбаева Л.М., п.ғ.д., проф.м.а. Жексембекова М.И. Қазіргі таңда п.ғ.к., проф.м.а. Ибраева К.Е.


Бүгінде елімізге белгілі өнер болып отырған қайраткерлері кафедра түлектері Қазақстанның халық әртісі Байбосынов Қайрат Әукенұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Стамғазиев Рамазан Өмірәліұлы, «Гүлдер» ансамблінің солисі Айжанова Жанар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Арынбаев Медеу, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Наз» ансамблінің көркемдік жетекшісі Ағымбаева Хадиша, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды облысы мәдениет басқармасының бастығы Ағымбаев Еркебұлан, белгілі джаз-музыканттар Хоменков Виктор и Илья Башкатов, атақты әнші Ербатыров Жанболат және т.б.

 

 

1499
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler