қазақша · русский · english
   
Графика және дизайн кафедрасы
 Михайлова Наталья Александровна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, қаумдастырылған профессор
Уалиханов көшесі, 64А
 +7(727)-291-07-31
natalia-a.kz@mail.ru

 

Жалпы мағлұмат

   Графика және дизайн  кафедрасы дизайн-бюросынан ірі өндірістік компанияларға жұмысқа орналасудың бірегей мүмкіндіктерін туғызатын ең танымал мамандықтар Графика 5В042100 - (мамандандырылуы  «Станокты графика») Дизайн 5В042100 - (мамандандырылуы "Графикалық дизайн", "Архитектуралық дизайн") бойынша оқытуды жүргізеді.

Кафедра қызметінің мақсаты - маман дайындығының сапасын жетілдіру болып табылады. Осы мақсатқа жету келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:

  • ақпараттық және инновациялық педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу;
  • студенттердің өзіндік жұмыс ұйымының жүйесін құру және студенттердің нәтижелерін, кәсіби өрлеулерін тексеру;
  • оқу-методикалық сүйеніштің дидактикалық материалдарын жетілдіру;
  • оқу үрдісінің және маман дайындығының деңгейінің мониторингін ұйымдастыру.

Кафедра жоғары кәсіби және шығармашылық деңгейде күрделі жобаларды әзірлейтін қолданбалы бағыттағы график-суретшілерді және график-дизайнерлерді дайындайды.

Кафедра графикалық дизайнның халықаралық және отандық мектебінің дәстүрін сақтап,  графикалық дизайн мамандығы бойынша болашақ мамандарды оқытудың мақсатына интеграциялы түрде өтуді қамтамасыз ететін жаңа заманауи пәндерді ұсынады. Осы мамандықтарды оқытудың негiзiне жарнамалық және дизайнерлік мамандықтағы қызметкердi тәжірибелік дайындығын  терең гуманитарлық білім беру тiркесінде оқыту жолға қойылған, ол тек жұмыс берушiге пайда әкелу ғана емес, меншiктi кәсiби дамуына пайдалы инвестиция салу болып табылады. Түлектердiң кәсiби деңгейін жоғары бiлiмнiң қазiргi заманғы технологиялары және жарнамалық индустрия тiркесі қамтамасыз етедi.

Оқыту тұжырымдамасы дизайн-ойдың әмбебаптығы, жобалаудың инновациялылығы және кафедраның мамандандыруларының бағыттарына арналған мамандандырумен пәндердің көптүрлілігіне негізделген. Алғашқы жылдары практикалық пәндер аясында  негiзгi дағдыларды дамыту жүредi, олар: композиция, жобалық графика негізі, сурет, кескiндеме, түс тану және колористика, компьютерлік технология, өнер тарихы т.б.  Дизайнер сияқты ойлау қабілетін дамыту бір пәннің шегінде жүзеге аспайды,  ол дизайн-ойды "ынталандырғыш" факторлардың бағдарламаларда қолданудың заңды нәтижесі. Студенттер оқудың келесі жылдарында дизайнерлік зерттеулердің ерекшеліктеріне терең бойлап түрлі жобаларды орындайды. Табысты жұмыс үшін  оқу үрдісіне көркем құрастыру немесе композициялық-графикалық модельдеу әдістері қолданылады. Қоғамның және университеттің негізгі құндылықтарын ескере отырып,  әр курста оқытушылар қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кешенді жобаларды әзірлейді.

Пәндердің көптүрлілігі білімнің үш саласының өзара ықпалдасуына негізделген: 1) дизайнер қызметінің мақсатын түсіну; 2) технология және өндіріс мүмкіндігін ескеру; 3)  қоғамның ара бүтін даму үрдісімен қоса қолдану мәдениетін ұғыну. Дизайнерлік мамандықтарға оқытудың мәресі - көпшілік алдындағы таныстырылым. Ондағы міндетті түрде шақырылған тәжірибелі дизайнерлер -  әлеуетті жұмыс берушілердің қысылшаң ескертпелері жаңа өнімнің ортақ мәдени, өндірістік және экономикалық ортада орнын тез анықтайды. Студентке өз кәсіби қажеттілігін сезінуге курстық жобалар, сонымен қатар іс-тәжірибенің табысты базаларында: студияларда, дизайн-бюро, желілік жарнама агенттіктерінде және баспаханаларда өткізілетін тәжірибе және тағылымдама топтамалары (оқу, технологиялық, өндірістік) көмектеседі. Әдетте олар факультет түлектерінің алғашқы жұмыс орнына айналады.

Кафедра дизайнерлік және жарнамалық мамандықтарының талаптарына сәйкес ептіліктерін және дағдыларын дамытатын дәрісхана - шеберханалармен қамтылған. Мамандырылған шеберханалар графикалық бағдарламаларды зерттеуге қажет мольберттермен, баспа станоктарымен, компьютерлермен, перифериялық құрылғылармен жабдықталған. Компьютерлік класс ғаламтор жүйесіне қосылған. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Көркем-сурет факультетінде білім алған график және дизайн мамандары бәсекеге қабілетті және еңбек нарығында сұранысқа ие болып тұр. Бүгінде алдыңғы қатарлы суретші-график және дизайнер болып баспада, баспаханаларда, жарнамалық агенттіктерде, дизайн-студияларда, сонымен қатар станокты, өндірістік графика, графикалық дизайн саласында қаламызда және Қазақстан Республикасында жұмыс істейді.

 

621
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler