қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
29.05.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ

делегациясының ҚХР университеттеріне іссапары туралы есеп

 

2019 жылдың 18-25 мамыры аралығында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын, 2018-2025 жылдарға арналған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Стратегиялық жоспары мен Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық (Foundation) факультетінің жол картасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 3 мамырындағы ректордың № 131 - J бұйрығы бойынша делегация төмендегі құрамда ЮЕСЮ (ҚХР) университетіне іссапарға барып қайтты:

- Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық (Foundation) факультетінің деканы Таубаева Г.З.;

- Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Бегалиева С.Б.;

- Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының доценті Нурахунова Г.М.;

- Халықаралық ынтымақтастық басқармасы академиялық ұтқырлық секторының жетекшісі Джангирова Г.С.;

- Өнер, мәдениет және спорт институтының 2 курс студенттері Абдибек Тажмина, Кенжеғалиева Томирис, Ғалымжанов Айдар.

 

Аталмыш уақыт аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы Мenzu (Пекин қ.), ЮЕСЮ (Шаосинь қ.) университеттерінде болды.

 

19 мамырда делегация кәсіби бағдар жұмысы бойынша Мenzu (Пекин қ.) барып, орыс тілі кафедрасының меңгерушісі Чэ Чуньинмен және оқытушылармен кездесіп, халықаралық конференциялар мен вебинарларға бірлесіп қатысудың болашағы жөнінде талқылады.

 

20 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері Шаосинь қ. (ҚХР) ЮЕСЮ шет тілдері институтында Шет тілі филология институтының директоры Гэ Цзиньлинмен, орыс тілі кафедрасының меңгерушісі У Яньцюмен және оқытушылармен кездесті. Дөңгелек үстел басында жоғары оқу орындары арасындағы қосымша келісімді орындау мәселелері талқыланды, Абай атындағы ҚазҰПУ мен Чженьцзян шет тілдері институты арасындағы бірлескен қызмет туралы қосымша келісімге өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылданды (27 мамыр 2016 ж.).

 

21 мамырда «Бізді Қазақстан біріктірді» фестивалі өткізілді. Белсенді кәсіби бағдар жұмысы өткізіліп, Абай атындағы ҚазҰПУ мен ЮЕСЮ оқытушылары және студенттері мерекеге орай сөз сөйледі. Абай атындағы ҚазҰПУ тұсаукесеріне қытай студенттері үлкен қызығушылық танытты, ал қазақ халқының керемет билері мен әндері ешкімді бей-жай қалдырмады. Фестиваль мерекелік және тілектестік аясында өтті. Кездесу барысында ескерткіш сыйлықтар, университет туралы кітаптар беріліп, барлық студенттер қазақстандық кәмпиттерден дәм татты. Фестиваль қазақ және қытай оқытушылары мен студенттерінің флешмобымен аяқталды.

 

22 мамырда шет тілдері факультетінің студенттері және орыс тілі оқытушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында халықаралық жобалардағы бірлескен ынтымақтастықтың мүмкіндіктері, шетелдік журналдардағы мақала жарияланымдары туралы сөз болып, «орыс тілін шет тілі ретінде» оқытудың тәжірибесі мен әдістерімен бөлісті. Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары университеттің тарихы мен жеткен жетістіктері жайлы айтты. Абай атындағы ҚазҰПУ қабылдау комиссиясының жұмысы туралы ақпараттық буклеттер таратылып, жоғары оқу орнында білім алудың мүмкіндіктері жайлы айтылды.

 

23 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық ұтқырлық бойынша оқып жатқан студенттері: Ж. К.Самбаевамен, Р.М.Нурмаметовамен, Ю. Л.Фирсовамен, Л.М.Шамсутдиновамен кездесу өтті. Студенттер ҚХР-дағы оқу жайлы таңданыстарымен бөлісіп, оқу үдерісінің ерекшелігі мен ЮЕСЮ университетінде оқуларын жалғастырғылары келетіндіктері туралы айтты.

 

24 мамырдағы кездесу нәтижесі бойынша 2016 жылдың 25 мамырындағы Абай атындағы ҚазҰПУ мен ЮЕСЮ Чженьцзян шет тілдері институты арасындағы екіжақты келісімге қосымша келісім бекітілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)



198

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler