қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
23.05.2019

«Жігітше кездесу» шеберлік сабағы өтті

 

2019 жылдың 21 мамырында университетіміздің ректоры Такир Балықпаевтың қолдауымен құрылған Педагогикалық шеберлік академиясының ұйымдастыруымен «Руxани жаңғыру» аясында отбасылық құндылықтарды дәріптеу және білім беру саласында ер азаматтардың рөлін қүшейту мақсатында xалықаралық Эриксон Коучингінің түлегі, коуч-тренері Ақан Мергембайдың жүргізуімен шеберлік сабағы өтті.

 

Шеберлік сабағына университетіміздің барлық институттарынан оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Іс-шарада білікті маман «өмірлік жарды қалай таңдауға болады», «отбасындағы кикілжіңдер неден туындайды», «неге жетістіктерге жете алмай жатырмын», «неге сабырсыз дос болып кеттім» - сынды өзекті тақырыптар ортаға салынып, осы мәселерден шығудың әдіс-тәсілдерін, қиындықты жеңу жолдарын білімгерлерімізге түсіндіріп, жол көрсете білді.

 

   

 

   

 

  

 

Педагогокалық шеберлік академиясы



314

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler