қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
23.04.2019

Абай университетінің ұжымы Нұр Отан съезінің шешімін бір ауыздан қолдауда


«Нұр Отан» партиясының XIX съезінде еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып, бұл ұсынысты қолдаған партия мүшелері Қ.Тоқаевты президент сайлауына партия атынан қатысатын үміткер ретінде бекіткені туралы хабарды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері және барлық студенттері зор қуанышпен қабыл алды.


Партия съезінде Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған Назарбаев: «Мен Тоқаевқа толық сенемін. Менің барлық бастамаларымды қолдап, сенімді серік болды» деді. Шын мәнінде Қасым Жомарт Кемелұлының еліміздегі және халықаралық деңгейдегі абырой-беделі аса зор. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ол дипломатиялық қызметтерде және Парламентте басшылық қызметтер атқара жүріп жас мемлекетіміздің гүлденіп өсуіне өлшеусіз үлес қосқан қайраткер.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы Қ.Тоқаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдауда және 9 маусымда өтетін Президент сайлауына белсене атсалысып, еліміздегі ынтымақ пен бірлік, демократия үшін дауыс беруге құлшынулы.

 


Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім



295

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler