қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
11.04.2019

Ғылым онкүндігі -2019 аясындағы көрме

 

9-10 сәуірде Тарих және құқық институтында «Ғылым онкүндігі-2019» аясында «Алматы: олардың есімдеріне көше атаулары берілді» тақырыбында қалалық көрме өтті. Іс-шарада «6М011400-Тарих» мамандығының 1-курс магистранты Динара Асанова портреттерімен таныстырып, «Қазақстанның үздік әйелдері» тақырыбында лекция жүргізді.

 

Көрмеде Қазақстанның 18 көрнекті әйелінің портреттері, суретші Лидия Дроздованың авторлық жұмыстары көрсетілді.


Көрмені Ғылыми жобалар мен нормативтік бақылаудың мониторингі бөлімінің бастығы Ғалия Кирилова ашып, Ғылым декадасы аясындағы өтіп жатқан шараға сәттілік тіледі.

 

Шараға институт профессор-оқытушылары мен магистранттары және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен «6М011400-Тарих», «6М020300-Тарих» мамандықтары бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде келген магистранттар қатысты.

 

Іс-шара мақсаты - әйелдердің тарихын зерделеу, әйелдердің гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және Қазақстандағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін жергілікті және халықаралық деңгейдегі жетістіктер туралы хабардар етіп, еліміздегі батыр, қаһарман қыздарымыздың тарихымен таныстыру.

 

   

 

   

 

  

 

Тарих және құқық институты



722

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler