қазақша · русский · english
   
Жалпы педагогика және психология кафедрасы

 

 Жампеисова Қорлан Қабыкенқызы
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының докторы
Қазыбек би көшесі, 30
 291-19-81, 8-701-726-77-21
khorlan_17@mail.ru

 

Кафедра 1928 жылдың қазан айында құрылды.Оны әр жылы Х.Д. Досмухамедов, Ш.Е.Альжанов, С.Т. Кожахметов, Т.Тажибаев, Р.Г.Лемберг, Р.Д. Иржанова, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, К.К.Жампеисова, Р.К.Толеубекова, Т.М. Баймолдаев сынды педагог ғалымдар басқарды.
Қазіргі таңда кафедраны педагогика ғылымының докторы, профессор, ҚР әлеуметтік ғылым Академиясының мүшесі (1996 ж.); Психология ғылымы Халықаралық Академиясының мүшесі (2012ж.); Педагогикалық білім беру Халықаралық Академиясының мүшесі (2014ж) ; Қазақстан ПҒА-ның салыстырмалы педагогика кеңес мүшесі (2010.); Конкорд Халықаралық Академиясының корреспондент-мүшесі (Франция, 2014 ж) Жампеисова Корлан Кабыкеновна басқаруда.

 

 

 

Жалпыуниверситеттік  педагогика кафедрасы ретінде: 

1) университеттің барлық студенттер контингентіне қызмет етеді;

2) базалық пән модулі бөліміне енетін педагогикалық пәндер,

3) міндетті компонент бойынша:

«Педагогика»

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»

«Білім берудегі менеджмент»

Ұлттық тәрбие  пәні бойынша  «Мәңгілік ел» (қосымша білім беру) пәндері оқытылады.

4)1-4 курстарда іс-тәжірибиенің  түрлері жүргізіледі.

 

Кафедраның қысқаша тарихы. Кафедраның алғашқы қалыптасу кезеңінде Х.Д. Досмухамедов, Ш.Е. Альжанов, Т.Т. Тажибаев, Р.Г. Лемберг сынды ғалымдар көш бастады. Бұл мектептің  зерттеушілері мен шәкірттері  Қазақстанда аттараы кең тараған  және көрнекті ғалымдар К.Б. Бержанов, Г.А. Уманов, Н.Д. Хмель, Р.Д. Иржанова, А. И. Сембаев, И.М. Кузьменко, Б.Р. Айтмамбетова, Б.И. Муканова, А.А. Бейсенбаева, Т.С. Сабиров, Г.К. Байдельдинова, Н.Д. Иванова, Э.И. Шныбекова, Г.М. Храпченков, Л.К. Керимов Л.К., В.ВЫ.Трифонов, Г.Т. Хайруллин, К.К. Жампеисова,  Г.К. Нургалиева , С.А.  Узакпаева,    А.Н. Ильясова А.Н. және т.б.

 

Кафедраның  мінездемесі уақыт сұранысына  әрдайым жауап беруде. Тәуелсіз Қазақстанның  қайта құру жылдарында  кафедра ұжымы  білім берудің ұлттық  жүйесінің дамуы және оны жаңғыртуға  маңызды үлес қосты.

Кафедраның  ғалымдар тобында Жампеисовой К.К. (жоба жетекшісі), Хмель Н.Д., Бейсенбаевой А.А., Хан Н.Н., Калиевой С.И., Тригубовой Н.Н. ҚР  үздіксіз педагогикалық білім берудің Концепциясы, ҚР жоғары педагогикалық білім беру Концепциясы (ҚР МОН  ұжымы 2005 жылы  бекіткен) жасалып  қазіргі таңда маңызы жойылмады.

 

Аталмыш Концепцияда  басты мақсат -  рухани - адамгершілікті, жауапкершілікті, белсенді, жан-жақты дамыған, шығармашыл, кәсіби құзіреттілігі жоғары  - жаңа құрылымдағы  мұғалімді даярлау.

Бұл құжатта  жоғары педагогикалық білім берудің  мақсаты мен міндеті, жаңа  құрылымдағы  мұғалімді кәсіби  дайындаудың талаптары,  кәсіби  мұғалімді  дайындаудың  құрылымдық- мазмұндық  үлгісі (моделі) ұсынылған.

Аталмыш  Концепцияның  жасалуында  нақты басымдылықтар жасалуда кафедра мүшелері  мемлекеттік білім  беру стандарты бойынша педагогикалық пәндерді, білім беру тобында арнайы топтар үшін Типтік бағдарламалар, «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Адамзат тарихындағы  педагогикалық ойлардың мектепте дамуы», педагогикалық іс-тәжірибие бойынша «Педагогика», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»  сынды  оқулықтар сонымен бірге  Қазақстанда  ең алғашқы оқулық «Педагогика» жаңа буын (ұрпақ) үшін қазақ және орыс  тілдерінде жазылды. Кафедра  ұжымы  нормативті  құжаттардың  жариялануымен, толықтырулармен, өзгерістер  енгізілуімен жүйелі жұмыс  жүргізілуде.

Қазіргі таңда  педагогика  кафедрасының  авторлық  ұжымы  Қазақстанның  ЖОО-нда  Мәңгілік Ел - ұлттық идеясының концепциясы  «Мәңгілік Ел» пәнінің оқу бағдарламасы негізінде  1 курс студенттері үшін қазақ, орыс тілінде жазылды. 2014-2015 оқу жылы барлық мамандықтарға  оқу орнының ішкі компоненті ретінде оқу пәні «Мәңгілік ел» күндізгі және сыртқы бөлімдерде  эксперимент  ретінде  өткізілді. Қазіргі  таңда  пән толығымен  ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз етілген. 

Өмірлік  философия  контексінде (мәнмәтінінде) -  Мәңгілік ел пәні жаңа заман  талаптарына жауап береді: әлемнің дамыған  30 ел қатарына ену, жоғары біліктілік, интеллектуалды  даму, ұлттық сана - сезімі жоғары деңгейде   дамыған  бәсекеге қабілетті маман даярлау, азаматтық, патриотизм, ашық мәдени диалогқа дайындау т.б.

Кафедраның  көрнекті ғалымдары қатарында (Жампеисова К.К., Колумбаева Ш.Ж.) ҚР-ның   педагогикалық  білім берудің жүйелі  модернизациясында концептуалды   негізін жасауда  3 жылдан бері  белсенді қызмет атқаруда.

 

 

 

 

 

 

 

      

 

1200
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler