қазақша · русский · english
 
 
 

 

 Жұмабаева Әзия Елеупанқызы
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Төле би,31
 8 701 963 00 28, вн.12-09
aziya_e@mail.ru

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы білім берудің 3 деңгейі бойынша (бакалавриат - магистратура - докторантура): 5В(6М,6D)010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығын дайындайтын іргелі білім ордасы.
БОПӘ кафедрасы оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыратын бірнеше кафедралардың интеграциясы негізінде құрылды.
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында білім беру саласындағы жаңа оқыту жүйесіне сәйкес халықаралық байланысты ұлғайтуға бағытталған тұрақты жұмыстар да жасалуда, кафедра оқытушыларының көбі жалпы орта білім беретін мектепке арналған және жоғары оқу орындары оқулықтарының, мемлекеттік стандарттардың, білім берудің типтік бағдарламаларының авторлары, халықаралық конференцияларда, халықаралық және Білім мен ғылым министрлігінің жобаларына қатысады.
Кафедрада әртүрлі әлеуметтік тәрбиелік іс-шаралар жүргізіледі. Кафедра студенттері жыл сайынғы студенттік конференциялар мен университеттік және республикалық конкурстарға белсене қатысып, жүлделі орын алады. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері сабақ үдерісінде, дәрістік және лабораториялық-практикалық сабақтар мазмұнында қолданылады.
Кафедра білім беруді ұйымдастырудың біліктілікке қойылатын талаптарына және мемлекеттік жалпы білім беру стандарты талаптарына сай жабдықталған аудиториялармен қамтамасыз етілген.

 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының тарихы
БОПӘ кафедрасы оқу-тәрбие әрекеттерін жүзеге асыратын бірнеше кафедралардың кіріктірілуі негізінде қалыптасқан.
1984 жылы дефектология факультетінің құрамында «Орыс тілі, әдебиеті және арнайы мектептерде оларды оқыту әдістемес»і кафедрасы ашылды (кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Манякина З.И., 1986 жылдан бастап -ф.ғ.к., доцент Мендекинова Р.Т.).
1985 жылы «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы құрылды (кафедра меңгерушісі 1985-1987 жылдары, п.ғ.к., профессор Жумаханов А.Р., 1987-1988 жылдары п.ғ.к. Храпченков Г.М. , 1988-1990 жылдары доцент Рахметова С.Р.).
1990 жылы «Бастауыш мектептегі математика әдістемесі теория негіздерімен» кафедрасы (кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Оспанов Т.К.) жеке бөлініп шықты.
1992 жылдан бастап «Қазақ тілі мен оны оқыту әдістемесі» кафедрасы (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Рахметова С.Р.), «Бастауыш мектептегі еңбекке үйрету, бейнелеу өнері және дене тәрбие әдістемесі» кафедрасы (кафедра меңгерушісі доцент Сатқанов О.С.), «Музыка және музыкалық білім» (кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Валиулина Р.Н.) кафедралары құрылды.
1997 жылы «Ана тілінің теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор М.Караев), «Математика және музыка теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Оспанов Т.К.) кафедралары құрылды.
1998 жылы олардың барлығы «Бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасына біріктірілді (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., профессор Оспанов Т.К., 2004 жылдан бастап п.ғ.к., доцент Қосанов Б.М.).
2007 жылы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып өзгертілді (кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., доцент Жұмабаева А.Е.).
2015 жылы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» болып өзгертілді.

5
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler