қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
20.03.2019

Республикалық пәндік олимпиада

 

2019 жылдың 18-19 наурызы күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы облысы, Қапшағай қаласында «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Абай сыйы - 2019» республикалық пәндік олимпиадасының қортынды кезеңін өткізді.

 

Абай сыйы олимпиадасы Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының дарынды оқушыларын анықтауға және жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін ашуға арналды. Бірінші кезеңге университеттің онлайн жүйесінде тіркелген 2409 оқушы өтінімдерін беріп, екінші кезеңге олимпиаданың 412 қатысушысы жолдама алды.

 

Республикалық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз алған университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов олимпиада қатысушыларына сәттілік тілеп, жеңімпаздар университетте оқу ақысы бойынша: 1 орын - 100%, 2 орын - 50%, 3 орын - 30% жеңілдіктерге ие болатындықтары туралы айтты.

 

Олимпиада «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Қазақстан тарихы», «Әлемдік тарих», «Математика, физика, информатика», «Химия, биология, география» пәндері бойынша өткізілді.

 

Екі күнге созылған олимпада қатысушылары өздігінен ізденіп, болжап, белгілі бір білім жиынтығына ие болды, өзінің іс - әрекеті арқылы шешім табуды, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуді үйренді.

 

«Абай сыйы - 2019» республикалық пәндік олимпиадасының 2-ші кезеңінің жеңімпаздары арнайы дипломдармен: І дәрежелі дипломмен - 9 оқушы, II дәрежелі дипломмен - 20 оқушы, III дәрежелі дипломмен - 18 оқушы марапатталды. Жүлделі орын алмаған - 49 оқушыға 10 % жеңілдік берілген сертификаттар беріліп, 2019-2020 оқу жылының 1 жылдық оқу ақысына жеңілдікпен оқу мүмкіндігіне ие болды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығы



1046

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler