қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.08.2016

 

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ

БОТАНИКА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«Орта және жоғары мектептерде биологиялық және экологиялық білім берудің өзекті проблемалары: инновация және тәжірибе»

«Актуальные проблемы биологического и экологического образования в средней и высшей школе: инновации и опыт»

«Actual problems of biology and environment education in high schools and institutes: innovations and experience»тақырыбындағы педагогика ғылымдарының докторы,  профессор

Шілдебаев Жұмәділ Бәйділдәұлының 70-жылдық мерейтойына арналған

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ

Ақпараттық хаты

14-15 қазан 2016ж., Алматы қ.

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Орта және жоғары мектептерде биологиялық және экологиялық білім берудің өзекті проблемалары: инновация және тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жұмысына қатысуға шақырамыз.

 «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы контекстінде Қазақстандағы педагогикалық білім берудің барлық деңгейлеріндегі (орта мектеп, жоғары оқу орындары) білім сапасын жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылау және одан қорытынды шығару бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияның маңызы өте зор. Атап айтқанда, жаратылыстану ғылымы білімінің бағытында биологиялық және экологиялық білім берудің теориялық және практикалық заманауи проблемалары, биологиялық және экологиялық қауіпсіздік пен биоресурстарды тиімді пайдаланудың жолдарын талқылау біздің Еліміздің білім беру саласындағы стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асырудағы игі іс-шаралар болмақ.

 

Конференция бағдарламасы келесі секциялар бойынша пленарлық және секциялық отырыстарды жүргізуді жоспарлап отыр:

- Орта және жоғары мектептерде жаратылыстану ғылымы бағытында білім берудің теориялық және практикалық замануи проблемалары;

-       Жаратылыстану ғылымы негізінде білім берудің биологиялық және экологиялық қауіпсіздік проблемалары;

-       Биоресурстарды тиімді пайдаланудың проблемалары және қоршаған ортаны қорғау.

Конференцияға қатысу түрі:   келіп қатысу немесе сырттай қатысу .

Конференцияның жұмыс тілі:  қазақ, орыс және ағылшын.

Өтінім берудің соңғы күні:    20 қыркүйек,  2016 жыл.

Көрсетілген  мерзімнен кешіктіріліп жіберілген немесе талаптарға сай ресімделмеген материалдар қарасттырылмайды және кері қайтарылмайды. Ұйымдастыру комитеті мазмұны және рәсімделуі талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды жариялаудан бас тартуға құқылы.

 

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ 

Мақаланың минимальды  көлемі - 3 бет (әдебиеттер тізімін қосқанда). Мақаланың максималды  көлемі - 6 бет (әдебиеттер тізімін қосқанда). Ғылыми еңбектер жинағының бір данасымен қоса мақаланың құны (пошталық жөнелтуін есептемегенде) Ұйымдастыру жарнасы - 3000 теңге. Алыс және жақын шетел авторларынан ұйымдастыру жарнасы алынбайды. Әрбір қосымша беттер үшін  құны 300 теңге. Бір автор бірнеше мақалалар жариялай алады.  Бұл жағдайда әр жарияланған  мақала үшін  төленеді. Жинақтыңпошта арқылы жеткізілу құны:  Қазақстан -1000 тенге, ТМД елдеріне-1500тенге,   алыс шетелге - 2000 тенге (1дана).  Жинақтарды  таратылу арнайы  тапсырысты  бандерольдар  арқылы жүргізіледі.

Іссапар шығындары қатысушыны жіберген  ұйымның есебінен.

 

МАҚАЛАНЫ ЖАРИЯЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 

1. Мәтіні - Microsoft Word 2007.

2.Шрифт: гарнитура - «Times New Roman».

3.Парақ пішіні - А4, ориентациясы - кітаптық.

4.Кегль - 14 (суреттер мен кестелерде - 12 кіші емес), жоларалық - 1,0. Төменгі және жоғарғы парақ жиектері - 2 см, сол жағы  - 3 см., оң жағы - 1,5 см.

5.Азат жол: бірінші қатар - шегініс 1,0 см, түзулеу - кеңістік бойынша.

8.Мақаланың бірінші абзацы: ортасында, жартылай қалын - мақаланың толық атауы.

9.Мақаланың  екінші абзацы: оң жақта, қарайтылған, курсив- толығымен автордың (авторлардың) тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы немесе лауазымы (12 шрифт).

10.Мақаланың  үшінші абзацы: оң жақта, курсив - ЖОО - аты, ел, қала (қысқартылған қабылданбайды),  немесе жұмыс орындалған мекеменің толық атауы, қаласы  жазылады (12 шрифт).

11.Мақаланың  төртінші абзацы: ортасында, курсивпен - түйіндеме (қазақ/орыс, ағылшын тілдерінде) (12 шрифт).

12.Мақала мәтіні (14 шрифт): пішімдеу - ені бойынша. Мақала бөлімдерінің, беттерінің, тізбектерінің алшақтықтары жіберілмейді; әріптер арасында тығыздалған немесе бөлінген интервал қолданылмауы керек.

13.Әдебиеттерге сілтеме баяндама мәтінінде тік жақшаларға қойылып көрсетіледі. Әдебиеттер тізімін автоматты түрде нөмірлеуге болмайды. Мәтінінде тізімдерді нөмірлеу қолмен жасалады.

15.Әдебиеттер тізімі (12 шрифт) мақаланың соңында, әдебиеттер колдану ретімен,  ГОСТ Р 7.0.5 - 2008 сәйкес рәсімделеді. Мәтінде сілтемелер тиісті тік жақшада  рәсімделеді: реттік нөмірі көрсетіледі, әдебиеттер тізіміндегі реттік саны және беті көрсетіледі, мысалы [5,Б.17]. Автоматтық сілтемелерді қолдануға болмайды.

16.Беттер нөмірленбейді.

17.Мақала мәтіні (тезистер) мұқият өңделген  және редакцияланған болуы тиіс.  Мақалада келтірілген деректер, дәйексөздер, статистикалық және басқа да мәліметтердің мазмұны үшін жауапкершілік авторларға жүктеледі (рәсімдеу үлгісі төменде).

     Материалдарды   Халықаралық  ғылыми- тәжірибелік конференция

деген белгімен, төмендегі электрондық пошталарға жіберіңіз: conference.70@mail.ru,zhumadil_47@mail.ru.  Файлдың  аты бірінші автордың тегімен сәйкес болуы тиіс.

      

Байланыс ақпараты:

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,  Достық даңғылы, 10, Абай атындағы ҚазҰПУ, бас ғимарат (2 қабат), үлкен конференц. зал.  

-          Байланыс телефондары: 8(727) 291-47-66 - институтдиректоры,

87758302253 - М.Б. Аманбаева, 87074405607 - А.Д.Майматаева.

-                     Факс:  8(727) 291-47-66;

-                     E-mail: conference.70@mail.ruzhumadil_47@mail.ru

Конференцияның ашылуы 2016 жылдың 14 қазанында сағат 10.00. Қатысушыларды тіркеу сағат 9.00 бастап мына мекен жай бойынша жүргізіледі:  Достық даңғылы, 13 (2 қабат), Үлкен конференц. зал.

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

 

БИОЛОГИЯ  ПӘНІН (6-11 СЫНЫПТАР) ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ

 

                                                          Чилдибаев Ж.Б., п. ғ. д., профессор,

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан

 

Түйіндеме (12 шрифт)

Мақала тіліне  байланысты-егер қазақ тілінде болса,  онда түйін орыс және ағылшын тілдерінде, егер орыс тілінде болса, онда түйіндеме, талаптарға сәйкес , қазақ және ағылшын тілдерінде болуы керек.

 

Баяндама мәтіні . Баяндама мәтіні . Баяндама мәтіні .  [3,Б. 85]. Баяндама мәтіні . Баяндама мәтіні . Баяндама мәтіні . Баяндама мәтіні (кесте 1) .

 

Кесте 1. Кестенің аты

Мәтін

Мәтін

Мәтін

Баяндама мәтіні . Баяндама мәтіні .(Сурет 1). Баяндама мәтіні . Баяндама мәтіні . Баяндама мәтіні . Баяндама мәтіні .

Сурет 1.Суреттің аты

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1. Чилдибаев Ж.Б., Аманбаева М.Б. Биология  пәнін (6-11 сыныптар) оқыту үрдісінде экологиялық ұғымдарды қалыптастырудың оқу-әдістемелік жүйесі (жаңа буын оқулықтары тәжірибесі негізінде). // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби (Серия биологическая). - №2/2(64)/. - Алматы, 2015. - Б. 544-552.

2. ТӨЛЕМ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІН ТӨЛЕУ ҮШІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ  ЖАРНА: 

KZ226010002008077343

 

Ақша аударған уақытта «Орта және жоғары мектептерде биологиялық және экологиялық білім беру» деп белгі қою керек және аты-жөніңізді  көрсету қажет.

 

АВТОР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

Заявка

1

Тегі, аты, әкесініңаты(толығымен)*

 

2

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

3

Сіздің ұйымыңыздың толық  атауы, ұйымның орналасқан жері (елдімекен)*

 

4

Қосымша авторлар (аты-жөні, толығымен) (болған жағдайда көрсетіледі)

 

5

Мақаланыңатауы (тезистер) *

 

6

Нөмірі және секция атауы

 

7

Қатысу формасы( келіп қатысу/сырттай)

 

8.

Жұмысты қорғайсызба (иә/жоқ)

 

9

Баяндамаға қажетті техникалық құралдар

 

10

Жіберілетін жинақтың саны*

 

11

Телефон (моб.,жұмыс,үй)

 

12

E-mail*

 

Жинақты жіберу үшін пошталық мекен-жайы*:

Кімге:

 

 

Кайда:(соның ішінде пошта индексі, ел, облыс, қала, үй, пәтер)

 


 



534

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler