қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
18.03.2019

«Мінсіз портфолио» семинар-тренингі

 

16 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Мансап» орталығы мен Head Hunter компаниясының ұйымдастыруымен кезекті семинар-тренинг өткізілді.

 

Семинарда Head Hunter компаниясының өкілі, маркетолог Гүлнұр Махамбек Өнер мәдениет және спорт институтының «Хореография», «Дизайн» және «Графика» мамандықтарының бітіруші түлектеріне арналған жұмысқа орналасуға көмектесетін портфолиолардың бірнеше үлгісін көрсетіп, мысалдар келтірді. Портфолионы қалай құру және толтыру керектігі туралы толық ақпарат берді. Аталмыш мамандықтар бойынша студенттерді жұмысқа қабылдау кезінде ең маңызды критерийлердің бірі дұрыс құрылған «Портфолио» екендігі айтылды.

 

   

 

   

 

 



233

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler