қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
05.03.2019

Астанадағы хореография бойынша XI Республикалық студенттік олимпиада

 

Астана қаласында Қазақ ұлттық хореография академиясында «5В040900-Хореография» мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен, Өнер, мәдениет және спорт институтының аға оқытушысы Әлпеш Күлсеитованың жетекшілігімен Астана қаласындағы студенттік пәндік олимпиадаға «5В040900 - Хореография» мамандығының екінші курс студенттері Айтолқын Жанысбек,Томирис Кенжеғалиева, Айдар Ғалымжанов, төртінші курс студенттері Бибігүл Амангельдина, Асем Есенова қатысты.

 

Студенттердің кәсіби шеберлігі және терең білімдері құзыретті қазылар алқасының жоғары бағаларын алып, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды және Республикалық олимпиаданың лауреаттары атанды.


Студент-хореографтарды шын жүректен құттықтай отырып, өнер жолында сәттілік тілейміз!

 

   

 

   

 

Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы



734

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler