қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
25.02.2019

«Менің пірім - Сүйінбай» ІІІ республикалық жас ақындар айтысы

 

  


2019 жылдың 19-20 ақпан күндері «Менің пірім - Сүйінбай» ІІІ республикалық жас ақындар айтысы ұйымдастырылды.


Айтыстың ашылу салтанаты аясында дарынды айтыскер ақын «Оразалы Досбосынов» атындағы жас ақындар орталығының тұсаукесері өтті.


Аламан дода Жастар жылы аясында өтіп, еліміздің 30 жоғары оқу орнынан 58 жас ақынның басын қосты. Дүбірлі доданы университет ректоры Такир Балықбаев ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.


Ақындарайтысын ҚР еңбек сіңірген қайраткері атақты ақын - Жүрсін Ерман төрағалық еткен қазылар алқасы бағалады. Дүбірлі додаданың іріктеу кезеңінде 29 жұп бақ сынасып, үздік танылған 20 үміткер ақтық кезеңге жолдама алды.


Айтыс қорытындысы бойынша ІІІ орынға тең ұпай жинаған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Жеңісхан Қазыбек пен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті Тілеутай Айшолпан орналасып, әрбір ақын 100 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталды. ІІ жүлделі орынды Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Совет Төрехан иеленіп, 150 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталды. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Жұлдызай Маратбекова І орын иегері атанып, 200 000 теңге көлеміндегі марапатқа ие болды.


Аламан айтыстың Бас жүлдесін «Қайнар» академиясының студенті Жақсылық Апуажанов жеңіп алып, 350 000 теңгемен қаржылай марапатталды.


Сонымен қатар, ақтық кезеңде үздік өнер көрсеткен 6 айтыскер ақын


«Абай Құнанбаев», «Жамбыл Жабаев», «Сәкен Сейфуллин», «Мәлік Ғабдуллин», «Ерік Асқаров», «Оразалы Досбосынов» атындағы арнайы жүлделерімен және 50 000 тенге көлеміндегі қаржылай сыйақымен марапаталды.


Өткір сөзімен, ұшқыр ойымен ерекшеленген 9 ақын арнайы номинацияларға ие болып, 30 000 теңге көлемінде ақшалай марапатталды.


Аламан бәйгеге қатысқан барша ақындар мен айтысты тамашалауға келген өнер сүйер қауым ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты жөніндегі департамент

 



955

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler