қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.05.2024

Университет сайтында материалдарды орналастыру туралы ақпарат

 

Барлық құрылымдық бөлімшелерге! 

 

Университет құрылымындағы өзгерістерге байланысты Қоғаммен байланыс департаменті Баспасөз қызметі болып қайта құрылды. Сайтта жарияланатын және университет қызметіне байланысты ақпарат ағымының көптігін ескере отырып, «Жаңалықтар», «Хабарландырулар», «БАҚ біз туралы» және «Фотогалерея» бөлімдеріне ақпараттардың уақтылы жариялануын қамтамасыз ету Баспасөз қызметіне жүктелгенін хабарлаймыз.

 

2024 жылғы 14 мамырдан бастап сайттың басты бетіндегі «Жаңалықтар» және «Хабарландырулар» бөлімдеріне материалдарды орналастыру үшін ақпараттарды үш тілде abaiuniverpress@abaiuniversity.edu.kz корпоративтік поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

Ал Абай университеті сайтының басқа бөлімдерінде орналастыруға арналған материалдарды web_info@abaiuniversity.edu.kz поштасына жіберіп, Маркетинг басқармасына хабарласу қажет.

 

Бұл өзгерістер ақпарат ағынын тиімдірек ұйымдастыруға және университет ұжымы үшін веб-ресурстың өзектілігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

 

Баспасөз қызметі