қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
22.02.2019

«Зайырлы қоғамдағы дін жастар көзқарасымен» дөңгелек үстел


2019 жылдың 21 ақпаны күні жастарды радикалды теріс ағымдардың ықпалынан сақтау, қоғамда дұрыс идеологиялық сананы қалыптастыру мақсатында «Зайырлы қоғамдағы дін жастар көзқарасымен» онкүндіктің ашылуына арналған дөңгелек үстел өтті.


Шараға «Нұр Мубарак» Ислам Университетінің, Дінтанушы PhD докторанты Асылтай Тасболат, Философия және дінтану институтының PhD докторанты Жүзей Мырзахмет, Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы, PhD докторант Руслан Сейтқазиев және университетіміздің студенттері қатысты.


Дөңгелек үстел жұмысын Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашып, университетімізде жастардың діни сауаттылығын арттыру, жастар арасында теріс ағымдардың таралуына жол бермеу бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат беріп, онкүндік жоспарымен таныстырды.


Одан әрі баяндамашылар Асылтай Тасболат «Рухани құндылықтардың дінмен ұштасуы» тақырыбында, Жүзей Мырзахмет «Бүгінгі таңдағы радикалды идеологияның теріс әсері» тақырыбында, Руслан Сейтқазиев «Діни түсініктердің жастар өміріндегі алатын орны» тақырыбында баяндама жасап, зайырлылық пен толеранттылық тұрғысында студенттердің радикалды діни топтардың шырмауына ілікпеу турасында сөз қозғады.


Дөңгелек үстел жұмысы барысында студенттер шара қонақтарына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Онкүндік жоспарына сәйкес институттарда дәрістер циклы өз жұмысын бастады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Тәрбие, әлеметтік жұмыстар

және жастар саясаты департаменті

 

 



819

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler