қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
20.02.2019

ҚР БжҒМ жобасы аясында ғылыми іскерлік сапар нәтижелері


11-17 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Шетел Шығыс елдерінде Тәуелсіз Қазақстанның жаңғыру тәжірибиесін тарату: лингвомәдениеттану және аударма аспектілері» жобасының аясында Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., проф. Князь Мирзоев, Әзербайжан астанасы Баку қаласына іс сапармен барды. Сапар барысында Әзербайжан ғылым академиясымен және Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетімен жоспарлы кездесулер өткізілді.


Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевтың бұйрығына сәйкес кездесудің басым бағыттарының бірі Шығыс елдерінің университеттерімен сыртқы ынтымақтастықты орнату болды. Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетінде университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандум жасалды.


Профессор Князь Мирзоевтың Әзербайжанға сапары кезінде «Politra» және «Әdalәt» газеттерінде екі мақаласы жарияланды. Князь Мирзоевтің Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, проф. Дж.Джафаров және әкімшілік қызметкерлерімен кездесу барысы «Politra» газетіне жарияланды. Ынтымақтастыққа деген өзара мүдделілік үдерісіне нақты үлес қосылды: өткен жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетпен бірлесіп Әзербайжанда екі тілде әзірлеген «Azerbaycan dili» оқулығын шығарды, ал Азербайжанда қазақ тілінен бірнеше оқулық аударылды.


Князь Мирзоевтың Халық арасында әдебиеттерді зерттеу призмасы арқылы достықты нығайту туралы мақаласы «Әdalәt» газетінде жарияланды. Мақалада барлық түркі халықтарымен, соның ішінде Әзербайжанмен ортақ тамыры бар қазақ халқының бай тарихы мен мәдениеті туралы баяндалады.

 

  


Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы



688

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler