қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
18.02.2019

Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындары орталығының ашылу салтанаты өтеді

 


 

Ертең сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Оразалы Досбосынов атындағы шығармашылық Орталық және Оразалы атында арнайы аудиторияның ресми ашылуы. Салтанатты жиынның соңы республикалық Студеттер айтысына ұласады. Келіңіздер!Көзайым болыңыздар!

 

Қосымша ақпарат үшін байланыс: 8 775 672 89 61

 

2019 жылдың 19-20 ақпаны күндері аралығында республикамыздың жоғары оқу орындарының жас ақындары арасында «Менің пірім - Сүйінбай» дәстүрлі ІІІ республикалық айтыс ұйымдастырылады.

 

Дүбірлі додаға еліміздің жоғары оқу орнынан 50-ден аса жас ақындар қатысып, бақ сынасады.

 

Республикалық айтыстың ашылу салтанаты аясында университетіміздің түлегі, айтыскер ақын «Оразалы Досбосынов» атындағы жас ақындар орталығының тұсаукесері өтеді.

 

 

Айтыстың ашылу салтанаты: 19.02.2019 ж.

 

Орталықтың тұсаукесері: сағат 10.30-да

 

Айтыстың іріктеу кезеңі: сағат 11.00-де

 

Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бас оқу ғимаратының үлкен конференц-залы

 

Ақтық кезеңі: 20.02.2019 ж.

 

Басталуы: сағат 14.00-де

 

Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры

 

 

18.02.2019 ж.

Ақпарат көзі: kazgazeta.kz

 



153

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler