қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
27.12.2018

«Жыл ректоры»


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының «Жыл адамы - 2018» таңдаулылары анықталды!

 

«Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының 2018 жылғы «Жыл адамдары» сараланды. Еліміздің еңселі болуы үшін еңбектеніп жүрген ел азаматтарының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларын атап өту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан осынау жоба аясында оқырмандар қалаған тұлғасын таңдай алды.

 

Дауыс беру телефон сауалы, смс, электронды пошта хабарлары және әлеуметтік желі арқылы өткізіліп, арнайы құрылған Сарапшылар алқасы  2018 жылдың үздіктерін анықтады.

 

«Жыл адамы - 2018» байқауының нәтижесі бойынша үздіктер қатарында Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры профессор Такир Балықбаев «Жыл ректоры» атанды.

 


 

Жыл ректоры - Такир Балықбаев


Қазақ жоғары оқу ордасының қарашаңырағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдық мерейлі мерекесін лайықты деңгейде атап өтті. Университетті халықаралық деңгейде таныта білген Такир Оспанұлының ғылым саласындағы ерен еңбегі елге белгілі. ҚазҰПУ ректорын биылғы жылы Елбасы Н. Назарбаев қабылдап, атқарған жұмыстарына алғысын айтты.

 


 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім



417

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler