қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
04.12.2018

«Бәрінде жүрегіңе бағындыр»
әлеуметтік және қайырымдылық акциясы


3 желтоқсанда Алматы қаласы Республикалық «Алатау» балалар клиникалық санаториясында Халықаралық мүгедектер күніне орай «Мейірім» клубының ерікті студенттері мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен балалар үшін «Бәрінде жүрегіңе бағындыр» тақырыбында әлеуметтік және қайырымдылық акциясын өткізді.


Шараның негізгі мақсаты жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген қоғамда мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен балалардың рухани күшін дамытуға бағытталған мәдени-ағартушылық шығармашылық терапия мен студенттердің әлеуметтік-педагогикалық жұмысын нығайту болды.


Іс-шара барысында дидактикалық және дамыту ойындары көрсетілген «Тәрбие - сүйіспеншілік, қамқор, қолдау» тақырыбында ойын алаңы ұйымдастырылып, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының ерікті студенттері ата-ана мен бала арасында сенім қарым-қатынас үлгісін қалыптастыруға арналған түзету элементтерінің сабақтарын өткізді. Сондай-ақ ата-ананың өзекті эмоцияналдық бейнесін айқындау үшін «Сезім және эмоция суреттері» тақырыбында жаттығулар жүргізілді. Негізгі назар тұтас эмоционалды аймақты дамытуда, өзін-өзі тануға және өзін бақылауға кең мүмкіндіктер ашатын, бала мен ата-ананың эмоционалды әлеуетін айқындауға аударылды.


Рефлексиялық талдау кезеңінде шараға қатысушылар жалпы шығармашылық іс-әрекетті құру үдерісіндегі бастан өткізген сезім және ассоциацияларымен бөлісті. Ата-ана мен балалар өздерін қандай жағдайда анағұрлым жайлы сезінгендерін атап өтті.


Барлық ерікті студенттермен бірігіп өткізілген конкурстың шығармашылық ойын терапиялары жылы достық, сүйіспеншілік атмосферасында өтті.


Ерікті студенттер балалар клиникалық санаториясының әрбір кішкентай емделушілеріне ізгілікті тәсіл тауып, бірде бір баланы назардан тыс қалдырмауға тырысты, оларға риясыз қызмет көрсетуде ең негізгі жүлде - қуанышты ашық жүректі ана мен балалардың мейірімді күлімдеуі мен сүйіспеншіліктерін алды!.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» қайырымдылық клубы



36

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler