қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
28.11.2018

ҚазҰПУ-да Студенттік ректорат құрылды

 

2018 жылы ректор Такир Балықбаевтың бастамасымен университетімізде алғашқы рет студенттердің өзін-өзі басқару қағидаларына негізделген Студенттік ректорат ұйымы құрылды.

 

Жалынды, білімді, белсенді жастардың басын қосып, студенттік өмірдің сапалы әрі қызықты өтуіне еңбек ететін ұйым ең белсенді университет студенттерін жинады.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды ұсынған болатын. Осы орайда, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері де тасада қалмай, еліміздің белсенді жастарының қатарында болуға өз үлесін қосары анық. Соның бір айғағы құрылып жатқан «Студенттік ректорат» өзін-өзі басқару ұйымы болып бекітілмек.


Студенттік ректорат ұйымының мүшелері қалай сайланды? Ұйымға сайлану үшін 2018 жылдың 29 қазаны мен 19 қараша аралағында университетіміздің бакалавр мамандықтарында оқитын студенттер өз кандидатурасын ұсынған болатын. Әр институттан Студенттік ректоратқа мүше болуға жалпы саны 48 белсенді жас өз өтінішін білдірді. Ал, 19 қараша күні болған сайлау процесіне білім ордасындағы жеті институт бойынша 2260 студент белсінділік танытып,  өздері  таңдаған үміткерлерге дауыстарын берді.

 

Сайлау нәтижесінде әр институт үш үміткерді «Студенттік ректорат» мүшелігіне сайлады. Бір жылға сайланған ұйым мүшелері тікелей университет ректорымен тізе қоса отырып, қордаланған студенттік мәселелерді, өзекті ұсыныстармен айналысатын болады.

 

Заманауи білім беру жүйесінде жастардың еркін пікірлі, азат ойлы болуы - ұлт дамуының, азаматтық қоғамның алға жылжуының көрінісі екені даусыз. Жаңа бағытта тың көзқараспен әлем көшіне бет алған білім ордасының әлі алар асуы алда. Осы мақсаттардың үдесінен шығу үшін университет жастарының бір мақсатқа жұмылдырылуына, белсенді білімгерлердің бастамаларын қолдауға «Студенттік ректораттың» жұмысы өз нәтижесін береді деп сенеміз.

 

   

 

   

 

   



803

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler