қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
15.11.2018

Университет ректорының Елбасымен кездесуі

 


 

15 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевпен кездесуі өтті.

 

Кездесуде Мемлекет басшысына жоғары оқу орнының қызметі және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру аясында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде есеп берілді.

 

Елбасы кездесу барысында ҚазҰПУ ректорын университеттің 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, осы айтулы күнге орай барлық профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге құттықтау сөзін жолдады.

 

Қазақстан Президенті еліміздегі жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру және дамыту үдерісіндегі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің рөлін атап өтті: «Педагогтер мәртебесін арттыру - маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті жүзеге асыру барысында университеттеріңіз алдыңғы қатарда болуға тиіс...Бұл мәселені жан-жақты пысықтау қажет...Әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен ынтымақтасып, байланыс орнатқан жөн. Тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс істеу қажет».

 

Ректор Такир Балықбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа биылғы жолдаудың ережелеріне сәйкес оқу орны алдына қойылған міндеттерді орындау барысы және университетті дамыту жоспарының жүзеге асырылуы жөнінде баяндады. Сондай-ақ, ректор университеттің әлемнің үздік 500 университетінің қатарына кіріп, QS World University Rankings рейтінгі бойынша 481-ші орын алып отырғандығын және бұл ТМД елдерінің педагогикалық университеттерінің ішінде болмаған жағдай екенін айтты. Бұл, әрине, үлкен жетістік! Ректор Мемлекет басшысына университеттің «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеу процесіне қатысатындығы туралы хабардар етті.



762

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler