қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
20.07.2018

Университет бітіргеніне - жарты ғасыр

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­гогикалық университетінің Математика, фи­зика және информатика институтын 50 жыл бұрын бітірген түлектерімен кездесу өтті.

 

Университеттің жарты ғасыр бұрын бітірген 25 түлегі мен ұлағатты ұстаздары қара шаңырақтағы басқосуына бірінші проректор Мақтағали Бектемесов, Мате­матика, физика және информатика инсти­тутының директоры Мұрат Бекпат­шаев,Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Болатбек Нұрбатыров қатысты.


Кездесуді құттықтау сөзімен ашқан Мақтағали Бектемесов:
«Ұшып шыққан ұяларыңызға келіп, бас қосып отырғандарыңызбен құттықтаймын, келген қадамдарыңызға гүл бітсін. Қиындығы мен қызықшылығы қатар жүретін студенттік жарқын өмірлеріңізді ҚазҰПУ-да өткердіңіздер.


Елбасы Білім және ғылым саласындағы ұстаздар мәртебесін көтеру мақсатында бірқатар жаңа міндеттер жүктегені бәрімізге мәлім. Мемлекет қамқорлығы арта түскен сайын ұстаздар қауымына да, білім алып жүрген студенттерге де жауапкершілік жоғарылай бермек. Ректор Такир Балық­баевтың бастамасымен университетіміздің дамыту стратегиясын жүзеге асыру жолында ауқымды және нәтижелі жұмыстар атқары­луда. Өйткені алдағы алынуға тиіс асқардың деңгейі тым жоғары. Биыл ұлттық педа­го­гикалық оқу орындарының көшбасшысы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагоги­калық университетінің 90 жылдық мерей­тойы. Осы 90 жылдық тарихы бар универ­ситетіміздің түлектері еліміздің даму жолына, ағарту ісіне өз үлестерін қосуда, әлі де қосатынына сенімдімін», - деді.

 


Кездесудің құрметті қонақтары, түлек­тердің ұстаздары педагогика ғылым­дарының кандидаты, доцент, Қазақстан білім беру ісінің үздігі, белгілі әдіскер, математик-ғалым Советбай Елубаев, құрметті ұстаз Нұрдаулет Майкотов тарихы терең, еліміздің тұңғыш оқу орнында атқарған қызметте­ріндегі естеліктерімен бөлісіп, универси­теттің көркеюіне, жетістіктерге жетіп, тек биіктен көрінуіне тілектес екендерін айтты.


Сөз кезегін алған университет түлектері, топ белсенділері болған Кәден Бопаев (ҚазПИ-дің тарихындағы екінші физика-математика ғылымдарының докторы, профессор), Мұратбек Абылхасым, Мерғали Қабаев өз тараптарынан университеттің 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, 1964-1968 оқу жылдарындағы өз естеліктерімен бөлісті. «Бұл оқу орнынан алған білім іргета­сымыз мықты. Студенттік шақта біз бір-бірімізге сүйеу бола білдік. Қиын кезеңдерде дұрыс жол, тура бағдар сілтеп, нағыз ғалым­дықтың үлгісін көрсеткен, ғылымға қанат қақтырған ғылым және білім жолын­дағы жетекшілеріміз ұстаздарымызға алғысымыз шексіз, ол кісілердің алдында тағзым етеміз» деп, университет алдындағы парыздары мен жауапкершіліктерінің мол екендігін айтты.


Кездесу соңында түлектер университет­тегі батыл жаңарулар мен үлкен өзгерістердің бастамашысы, ректор Такир Балықбаевқа өз аттарынан ізгі тілектерін білдіріп, осындай игі істі ұйымдастырып, университеттің өркендеуіне бар күшін салып жүрген про­ректор Мақтағали Бектемесовке, ұстаздарға алғысын айтып, жаңа жетістіктерге жол ашатын, біздің Тәуелсіз Отанымыздың өр­кен­деуіне үлес қосатын жасампаз студенттер қатары көбейе берсін, ҚазҰПУ әрқашан үздіктер қатарынан орын алып, тұғырынан таймасын деген тілектерін айтты.


Түлектердің алғысы мен жылы лебізінен кейін бірінші проректор Мақтағали Бектемесов оларға естелік сыйлықтар табыс етті.


Авторы: Римма Жанбаева

20.07.2018 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz

 



267

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler