қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
16.06.2018

Алматыда Францияның «Цифрлы күз» фестивалі өтеді

 

 

Алматы қаласының әкімі Бауыр­жан Байбек Франция Ұлттық ас­самб­леясының депутаты, «Фран­ция-Қазақстан» парламентаралық достық тобының төрағасы Пьер Кабаремен кездесті.

 

Тараптар мәдени-гуманитарлық байла­ныстарды, соның ішінде білім беру және туристік кластерді дамыту тәжі­рибесін алмасу бойынша ынтымақтас­тықты нығайту мәселелерін талқылады.

 

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары екі ел арасында барлық бағыттар спектр­­лері бойынша серіктестік қаты­настар орнық­ты. Бүгінгі күні Алматыда француз капита­лымен сауда, тамақ өнер­кәсібі, көлік пен телеком­муникация салалары бойынша 60-тан астам кәсіп­орын жұмыс істейді. Алматы мен Франция арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың бірінші тоқсанында 13%-ға өсіп, оң динамика қалыптасты. Бұлардан өзге, мегаполисте Франция мәдениеті мен өнеріне қатысты түрлі шаралар қала тұр­ғындары арасында жиі өтіп тұрады.

 

Кездесу барысында Пьер Кабаре екі мемлекет пен екі ел арасындағы ынты­мақтастықтың, ең алдымен, сенім мен достыққа негізделгенін атап өтті.

 

«Бұл менің Алматыға алғаш келуім, байқағаным, қала заманауи трендтер мен жаңа технологиялар акценті бойынша даму үстінде екен.Таулардың тым жақын орна­ласуы - Алматының туристік тартымды­лығының таптырмас артықшылығы. Осы бағытты дамытуда француз компания­ларының тәжірибесі мол, ал бұл екі жақ­ты байланысты одан әрі нығайту­дың та­ғы бір саласы», - деді Ұлттық ассамблея депута­ты.

 

Айта кетерлігі, қазіргі кезде Алма­тыда «Альянс Франсэз» өкілдігі бар. Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педаго­гикалық универ­сите­тінде Орта Азиядағы алғашқы «Сор­бон­­на-Қазақстан» инсти­туты жұмыс істеу­де.

 

2016 жылы Франция астанасы Парижде ЮНЕСКО аясында Алматының 1000 жыл­дығы мерекеленді. Алматы мен Ренн қала­лары бауырластығының 25 жылдығы құр­метіне француз қаласында Абайдың бюсті ашылды.

 

Алматыда күзде «Цифрлы күз» фес­тивалін өткізу жоспарланған, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары цифрлы техно­логиялар арқылы француз мәде­ниетімен және өнерімен танысатын болады.

 

 

16.06.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz



478

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler