қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
11.06.2018

«Тәуелсіз Қазақстанның Шығыс шетелдеріндегі бейнесі: бүгіні мен болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

 

2018 жылдың 8 маусым күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Тәуелсіз Қазақстанның Шығыс шетелдеріндегі бейнесі: бүгіні мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.


Конференцияның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мә­дениет» жобасының аясында Шығыс шетелдеріндегі Қазақстанның қазіргі заманғы трансформациялануының жай-күйі мен болашағын анықтау.

Конференция жұмысына ректор Такир Балықбаев, бірінші проректор Мақтағали Бектемесов, ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Ғабит Кенжебаев,Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Назар Балғымбаев, Қазақстан Республикасындағы Египет Араб республикасы Елшілігі жанындағы мәдениет және білім беру істері орталығының директоры, мәдениет және білім беру жөніндегі атташе Ибрагим Хемдан, Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Георгий Кан, шығыс тілдері және аударма кафедрасының меңгерушісі Князь Мирзоев, сонымен қатар белгілі шығыстанушы ғалымдар, филологтар, мәдениеттанушылар, саясаттанушылар, тарихшылар, Қазақстан мен алыс және жақын шетел мемлекеттерінің қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

 

Конференцияның пленарлық отырысының модераторлары: Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдігазиұлы, шығыс тілдері және аударма кафедрасының меңгерушісі Князь Мирзоев, шығыс тілдері және аударма кафедрасының профессоры Айгүл Жұмабекова, Сорбонна-Қазақстан Институтының халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков, шығыс тілдері және аударма кафедрасының доценті Гүлсім Әбдрахманова.

Конференцияны ашқан ректор Такир Балықбаев шет тілдерін меңгерудің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, Шығыспен экономикалық және мәдени байланыстардың нығаюы нәтижесінде соңғы онжылдықта елімізде шығыс тілдеріне қызығушылық артқан, Қазақстан және Шығыс елдерінің ортақ қызығушылығы тіл мен мәдениет мәселесі болғандықтан, бұл конференцияда талқыланатын тақырыптардың еліміздегі тіл мен мәдениет дамуының кең ауқымды мәселелерін шешуге бағытталып отыр.

 

Конференцияның пленарлық мәжілісінде Қазақстанның Таяу Шығыстағы елдермен рухани қарым-қатынастары, Түркиядағы қазақ тілін үйрену жайы, қазақ-әзербайжан тілдерінің байланыстары, Шығыс елдерінде Қазақстанның рухани құндылықтарын насихаттау, қазақ мәдениетін Шығыс шетелдерінде таныту құралы ретінде аудару мәселесі талқыланды.

 

Конференция 4 секция бойынша жұмыс істеді:
- Шығыс филологиясы мен салғастырмалы тіл білімінің лингвомәдени аспектілері;

- Аударма заманауи қазақ мәдениетін Шығыс шетелдерінде таныту құралы ретінде;

- Тәуелсіз Қазақстан мен Шығыс шетелдерінің өзара қарым-қатынасының қоғамдық-саяси және рухани-адамгершілік аспектілері;

- Қазақстан мен Шығыс шетелдерінде шет тілдерін оқытудың мәдениаралық және лингводидактикалық аспектілері.

 

         

 

         

 

          

 

          

 

          

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім

 

 

 



189

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler