қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
16.05.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми журналдарының редакциялық алқаларының өкілдерімен кездесу

 

2018 жылдың 15 мамыр күні Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми журналдарының бас редакторларымен және жауапты хатшыларымен кездесу өткізді.

 

Кездесудің негізгі мақсаты ғылыми журналдардың редакциялық алқаларының жұмысына қатысты өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын қарастыру.

 

Іс-шара барысында алты эксперименталды ғылыми журналдардың бас редакторлары 2018 жылға арналған жұмыс жоспарларын және шығыс сметасын ұсынды. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізімге журналдарды қосу үшін құжаттар дайындау бойынша шығындар талқыланды.

 

Болашақта журналдардың бірыңғай электронды базасын құру жоспарланып отыр. Кездесуде журналдың әр саны жарияланғаннан кейін Ғылым департаментінің қызметкерлері, бас редакторлар және жауапты хатшылар осындай кездесулер өткізіп отыру керек деп шешім қабылданды.

 

         

 

         

 

         

 

            

 

 

 



946

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler