қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
02.03.2018

«Алаш зиялыларының ғылыми-әдістемелік мұралары: дәстүр мен жаңашылдық» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

2018 жылдың 28 ақпаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай «Алаш зиялыларының ғылыми-әдістемелік мұралары: дәстүр мен жаңашылдық» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған конференция Филология және көптілді білім беру институты қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.

 

Халықаралық конференцияға отандық ғылым-білім жүйесіндегі беделді ғалымдар мен зерттеушілер, сондай-ақ, Түркияның Гази, Фрат, Мұғла Сытқы Кошман университеттерінің профессорлары, филолог ғалымдар, еліміздегі бірқатар ЖОО оқытушылары, ізденушілері қатысып, ұлттық тіл, діл, мәдениет, дәстүр тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.

 

Конференцияның Алқа мәжілісін университеттің Бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов жүргізді.

 

Алқалы мәжілісте алаштанушы ғалымдар: Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Айгүл Ісмақова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары, ҚР ҰҒА-ның академигі Мәмбет Қойгелдиевтің, ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі Фаузия Оразбаеваның, Түркия елінен келген ғалымдар: Четин Пекаджар, Ахмет Боран, Мехмет Акиф Сөзер, Ержан Алкая, Незир Темир, Eкрем Aян сынды зерттеушілердің латын әліпбиіне қатысты ой-пікірлері, түбі бір түркі халықтарының тарихи, мәдени байланыстары мен түркологияның дамуындағы Алаш зиялылары еңбектерінің орны туралы жасаған баяндамаларында құнды, маңызды деректер мол болды. Бұл конференцияның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.

 

Түскі үзілістен кейін Секция мәжілістері өтті. Конференция бағдарламасы бойынша 4 секция жұмыс жасады. Соңынан қорытынды мәжіліс болып, Конференция қарарлары қабылданды.

 

       

 

       

 

       

 

      

 

 

«Тарихқа тағзым» бейнежазбасы

Қазақ тілінің теориясы және әдістемесі кафедрасы



854

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler