қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
01.03.2018

«Цифрлық университет» Халықаралық Қазақстан-Ресей семинары


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универ­ситетінде 21-23 ақпан аралығында Нұрсұлтан Назар­баевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын және «Цифрлық Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Цифрлық университет» халықаралық Қазақстан-Ресей семинары өтті.

 

Халықаралық семинардың мақсаты - цифрлық универ­ситеттің мәні, ерекшелігі және технологиясын талқылау, Абай атындағы ҚазҰПУ-де Білімді ақпарат­тандыру және білім технологиялары мәселелері халық­аралық ғылыми зертха­насын ашу.

 

Семинар жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры Такир Балықбаев, МҚПУ-нің профессоры Сергей Григорьев, МҚПУ-нің профессоры Вадим Гриншкун, В.Астафьев атындағы КМПУ-нің профессорыНиколай Пак, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бірінші проректоры Мактағали Бектемесов, п.ғ.д., профессор Есен Бидайбеков, профессор Бахытжан Ахметов, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ өкілдері, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы (Техас университет) бойынша біліктілікті арттыру курсының түлегі Гүлзада Сержан қатысы.

 

Семинар барысында универ­ситет ректоры Такир Балықбаев халықаралық семинардың маңыз­дылығын атап өтті: «Білім және ғылым еліміздің әлеуметтік-эконо­микалық капиталын дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, цифрлық білім беру технологияларын енгізу Қазақстан Республикасының білім беру ақпараттық инфра­құрылы­мының дүниежүзілік білім беру ортасымен интеграция­лануына ықпал етеді. Халық­аралық Қазақстан-Ресей семи­нарын өткізу университетіміз үшін маңызды оқиға болып табылады, әрине, ғылыми зерт­теулер процесін жетілдіруде өз үлесін қосып, жемісті жұмыс­тарды атқаруға ынта­ландырады. Білім беру үрдісінде цифрлық техноло­гияларды қолдану мәсе­лелерін талқылау жаңа зертхана қызметінің негізін және зерттеу бағытын айқындайтын тәжіри­белік ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Универ­сите­тіміздің базасында серіктес­те­ріміз - Мәскеу қалалық педаго­гикалық универ­ситетімен және В.Аста­фьев атындағы Краснояр мемлекеттік педагоги­калық универ­ситетімен бірлесе ашылған халық­аралық ғылыми зертхана білім беруді цифрландыруда күш біріктіре отырып, күрделі мін­деттердің орындауына мүмкіндік береді».

 

МҚПУ-нің профессоры Сергей Григорьев, МҚПУ-нің профессоры Вадим Гриншкун, В.Астафьев атындағы КМПУ-нің профессоры Николай Пак баян­дамаларында ақпараттарды цифр­лық өңдеуерекшеліктері, мұғалім­дерге арналған бағ­дарламалық құ­ралдар, STEM-технология­ларды (STEM - scіence, technology, engіneerіng, mathematіcs) пайда­лану арқы­лы зерттеу дағдыларын дамыту және цифрлық универ­ситеттің ақпарат­тық білім беру ортасын қалыптастыру аясын­да жоғары оқу орнын ақпараттан­дырудың жүйелік тәсілдері, универ­ситетті «цифрландырудың» 40 идеялары, білім берудің жаһандану жағдайында мега-сабақтарды ұйымдастыру және өткізу туралы айтылды. Сондай-ақ, ҚазҰПУ-нің цифрлық педа­гогикалық университет болып қалыптастуы үшін «Білім берудегі цифрлық технологиялар» курсын өткізу туралы ұсы­ныс жасалы­нып, цифрлық университет құру­дағы теориялық және тәжірибелік тәсілдер; білім беруде цифрлық техноло­гияларды тиімді пайда­лану үшін педагогтардыдаярлау жүйесін қалыптастыру; цифрлық университетте студенттерді даяр­лау технологиялары мен құрал­дары талқыланды.Үш күндік семинар аясында «Дөңгелек үстелдер» ұйымдас­тырылды.

 

Ректор Такир Балықбаев семинарды қорытындылай оты­рып, Абай атындағы ҚазҰПУ педагогикалық білім беру орта­лығы ретінде цифрлық педагоги­калық университет үлгісі болуы керектігіне тоқталды. Ол үшін STEM-технология­лардың дамуына, сонымен қатар робо­тотехника саласындағы жас ғалымдарымыздың туындылары­на қолдау көрсетіле­тіндігін айтты. Ректор аталмыш семинардың ұйымдастыру­шыларына және қатысушыларына алғысын біл­діріп, алдағы уақытта жаңа ғылыми зертхана жұмысына жетістік тіледі.

 

Семинар соңында қатысушы­ларға сертификаттар табыс етілді.

 

Авторы: Римма Жанбаева

01.03.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz

 



394

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler