қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
27.02.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ студентіне Помор академиясынан (Польша) диплом табыс етілді

 

2018 жылдың 23 ақпан күні «5В012200 - Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Айгерім Серікбайға Слупск қаласындағы Помор академиясының (Польша) дипломы тапсырылды. Айгерім Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қос диплом бағдарламасы бойынша Помор академиясында үш семестр оқып, шетел университетінен диплом алған алғашқы студент.

 

Дипломды Помор Академиясының проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Данута Герчинска тапсырды. Марапаттау кешіне Неофилология институтында қосымша дәріс жүргізіп жатқан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Людмила Сафронова және Помор академиясының докторанты, Филология және көптілді білім беру институтының түлегі - Максим Пономоренко қатысып, лебіздерін білдірді.

 

  

 

 

 

 

 

 



673

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler