қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
01.02.2018

Медеуде ауқымды жобалар көп

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педаго­гикалық университетінде Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен Елбасы Н.Ә.Назарбаев­тың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкін­дік­тері» атты халыққа Жолдауын тал­қылауға арналған аудан активінің жиыны өтті. Аталған шараға мемлекет­тік органдардың және аудандық құрылымдардың басшылары, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, білім және денсаулық сақтау мекеме­лерінің қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері, аудандағы жоғары оқу орында­рының және орта арнайы кәсіптік білім беру мекемелерінің басшы­лары, өндірістік кәсіпорындар жұмысшылары, үкімет­тік емес ұйым­дардың өкілдері қатысты.

 

Басқосу барысында Медеу ауданы­ның әкімі Ержан Жылқыбаев мемле­кетіміздің дамуындағы Елбасы Жолда­уының маңызды­лығын атап өтті.

 

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркә­сіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы еліміздің қарқынды дамуы үшін маңызды міндеттерді белгілеп, ел дамуының жаңа бағыт-бағдарын айқын­дап берді. Елбасы­ның биылғы Жолда­уында белгілеген 10 нақты міндет еліміз­дің әлемдік төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде жаңа техноло­гиялық дамудан қалыс қалмаудың негізгі тетіктері. Жаңа техноло­гия­ларды қоғам өмірінде тиімді пайдалана білу - біздің негізгі мақсатқа айналуы тиіс. Осы орайда ауданымыздың барлық мемле­кеттік органдары халыққа сапалы қызмет көрсетіп, Елбасы Жолдауын мүлтіксіз орындауға кірісу керек. Бұл орайда ауда­нымызда жоспарланған ауқымды жобалар көп. Ол үшін әлеуетіміз де жеткілікті. Ендеше, ел игілігі жолындағы еңбегіміз табысты болсын! - деді аудан басшысы.

 

Сонымен қатар, жиында Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры Борис Жапаров, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Әміржан Нәбиев пен Кенжехан Маты­жанов, «Шым­бұлақ» тау-шаңғы кешені­нің бас директоры Тимур Хаиров, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университе­тінің 3-курс студенті Дидарбек Ділдәбек баяндама жасады. Жиын соңында қаты­сушылар бірауыз­дан Елбасының Жолда­уын қолдай­тын­дарын жеткізді.

 

Авторы: Айгүл Оралбекова

01.02.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz, PDF

 



568

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler