қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
17.01.2018

 

«ДЕНСАУЛЫҚ - 2018» СПАРТАКИАДАСЫ


Салауатты өмір салтын насихаттау,университет ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттырып, оларды ұйымшылдық пен бірлікке шақыру мақсатында  2018 жылдың 9-13 қаңтар күндері аралығында университет ПОҚ мен қызметкерлері арасында «Денсаулық - 2018» спартакиадасы өтті.

 

Спартакиада волейбол, үстел теннисі, шахмат, футзал, арқан тарту, коньки және шаңғымен сырғанау спорт түрлерінен жүргізіліп, шараға барлығы 300-ге жуық ұстаздар мен қызметкерлер қатысып, бақ сынасты.

 

Ойын барысында әрбір спортшы  жылдамдық, ептілік, шапшаңдық, жігерлік қасиеттерін танытып, жүзден жүйрік спортшылар  13 қаңтар күні өткен спорттық доданың жабылу салтанатында түрлі марапаттарға ие болды.

 

Салтанатты шараны университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов ашып, барша спорттық командаларды Спартакиаданың сәтті аяқталуымен құттықтады. Одан әрі шара марапаттау рәсіміне жалғасты.

 

Спорттық жарыстар барысында үздік ойындарымен ерекшеленген 1 команда және 14 ойыншы түрлі номинациялар бойынша ректор грамотасы және 10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Жалпы командалық есепте Математика, физика және информатика институтының «Физмат - 90» командасы  37 ұпаймен ІІІ орынды иеленіп, 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталса, Филология және көптілді білім беру институтының «Полиглот» командасы 39 ұпаймен ІІ орынға орналасып, 120 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Спорттық жарыстар нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған Өнер, мәдениет және спорт институтының «Өнер ұландары» командасы 150 000 теңге жүлде қоры мен дәрежелі  І  орынды иеленді.      

 

Спартакиада барысында белсенділік танытқан 5 командаға 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы тағайындалса, спорттық ойындарды ұйымдастырып, әділ бағасын берген 18  төрешіге  5000  теңге көлемінде ақшалай сыйақы мен ректор алғыс хаты табысталды.

 

Университетіміздің 90 жылдығы аясында ұйымдастырылған бұл қысқы спартакиада  ұжымдық бірлікті нығайтып, спортқа деген қызығушылықты арттыра түсті.

 

       

       

 

       

       

 

       

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент

 

 

 



886

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler