қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
15.01.2018

 

Химия, биология, физика, информатика пәндерінің оқытушыларына арналған ағылшын тілін оқыту тренингі

 

Қазыргі таңда Қазақстанда білім жүйесін модернизациялау шаралары жүргізіліп отыр. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап физика, химия, биология және информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылатын болады. Бұл пән мұғалімдері ағылшын тілін қарым-қатынаста қолдана білумен қатар, ағылшын тіліндегі пәндерді оқыта алуы тиіс.

 

«Қысқы мектеп» аясында Университетте «Кәсібилік және педагогикалық шеберлік» атты ағылшын тілінде сабақ беретін оқытушыларға арналған тренинг өткізілді. Тренинг бағдарламасы қарқынды түрде 5 күн 6 сағаттан өткізіліп отырды. Тренингті «InterPess-IH» орталығының білікті оқытушылары Джозеф Демокритос және Сабина Ибрагимова жүргізді.

 

Қатысушылардың пікірлерін білу үшін тренинг барысында білім алушыларға сауалнама таратылып, «InterPess-IH» орталығының білім беру қызметінің сапасы бағаланды.

 

2018 жылдың 12 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Кәсібилік және педагогикалық шеберлік» атты «Қысқы мектеп» аясында өткізілген ағылшын тілінде сабақ беретін оқытушыларға арналған тренинг өз жұмысын аяқтады. Университеттің оқу ісі жөніңдегі проректоры Асан Сатмұрзаев тренингтің қорытындысы бойынша 24 оқытушы-профессорға салтанатты түрде сертификат тапсырды.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       



756

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler