қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
15.01.2018

 

Қазақстан Республикасы педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамына арналған кәсіби біліктілікті арттыру курсы

 

2018 жылдың 8-12 қаңтары аралығында «Кәсібилік және педагогикалық шеберлік» қысқы мектебі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістемелік бірлестігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірігіп ҚР жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамына арналған «Орта білім беру жүйесінің мазмұнын жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.


Біліктілікті арттыру курстары бағдарламасында жаңартылған оқу бағдарламаларының құрылымы және мазмұндық ерекшеліктері, оқу мақсаттарын жүйелеу, оқыту мен білім берудің тиімді технологиялары, бағдарламаны жүзеге асыруда тәжірибелік дағдыларды игеру, оқыту пәні шеңберінде критериалды бағалау жүйесін қолдану, оқу үрдісін жоспарлау дағдыларын дамыту,оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін сыни ойлау әдістерін жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Біліктілікті арттыру курсына қатысқан 83 өкілдің ішінде, 19 аймақтық педагогикалық жоғары оқу орындарынан және Алматы қаласынан 6 жоғары оқу орны. Кіріспе дәрісті кәсіби біліктілікті арттыру және қашықтан оқыту орталығы директорының орынбасары Александр Семченко өткізді. Сабақты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан п.ғ.к., доцент Амангүл Орақова мен аға оқытушы Татьяна Корнилова өткізді. Сабақтар дәріс, тренинг, практикалық сабақтар түрлерінде өткізілді. Тыңдаушылардың білімі сауалнама және рефликсия арқылы тексерілді. 36 сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру курсы аяқталған соң Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев тыңдаушыларға салтанатты түрде сертификат тапсырды.

 

       

       

 

       

       

 

       



979

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler