қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
14.12.2017

АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ

 

2017 жылдың 13 желтоқсанында Орталық кітапхананың конференц залында Халықаралық "Көшпенділер Атамұрасы" қоғамдық қоры, "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі, ҚР Ұлттық кітапханасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты, Халықаралық адам институтының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алаш автономиясының 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шарада «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры - Әубәкір Арман, профессор Мәмбет Қойгелдиев, «Қазақ үні» газетінің бас редакторы - Иса Қазбек, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Алаштану орталығының директоры - Сұлтан-Хан Аққұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының Ұлттық библиография қызметінің кітапханашылары және қоғамдық ұйымдар мүшелері, оқырмандар мен HhD докторанттар, магистранттар мен студенттер болды.

 

Дөңгелек үстел жұмысы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш қозғалысы: тарих және қазіргі заман» және «Әлихан Бөкейхан (1866-1937)» аттыбиблиографиялық көрсеткіштерінің, "Адыран" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің «Алаш Орда: ұлттық идея және дін мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдар жинағының тұсаукесері жасалды.

 

Шараның мақсаты тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге, мамандар мен студенттерге «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай дайындалған «Алаш қозғалысы: тарих және қазіргі заман» атты библиографиялық көрсеткішін, сонымен қатар, қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметіне арналған библиографиялық көрсеткішін жалпы оқырман қауымға таныстыру.

 

Аталмыш іс-шараны Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов ашып, келген қонақтарға бағдарламаға сайрет-ретімен жарыс сөз кезегін берді.

 

Қатысушылар Алаш қайраткерлері шығармаларындағы ұлттық идея төңірегінде деректерімен бөлісіп, Алаш қайраткерлерінің қызметі, еңбектері мен шығармашылығын терең қарастырып, библиографиялық көрсеткіштер бойынша статистикалық мәліметтер де ұсынылып, өзектілігін жоғалтпаған жер, дін, әйел теңсіздігі, сауаттылық, тәрбие мәселелері талқыға салынды.

Нәтижесінде Алаш қайраткерлері туралы танымдық-ақпараттық шараларды мемлекеттік деңгейде жасап, халыққа ұсынылса және Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен шығармашылығын дәріптейтін мектеп, орта мектеп, ЖОО-да арнайы пән ретінде оқу бағдарламасына еніп, оқылса деген екі негізгі ұсыныс жасалды.

 

Іс-шара қорытындысында келген қонақтарға Алаш автономиясының 100 жылдығына орай жасалған арнайы күміс медаль табысталып, алғыс хаттар берілді. Кездесудің тәрбиелік мәні зор болды.

 

  

 

    

 

  

 

  

 

  

 

Фотоматериалдар

 

Тарих және құқық институты

 



613

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler