қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
08.12.2017

ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы талқыланды


2017 жылдың 7 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО-на дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушыларына Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша сыныптық сағат өткізілді. Онда бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы туралы сонымен қатар, Қазақстанның таяу жылдарда атқаратын міндеттері туралы айтылды.


Сыныптық сағатқа факультет тыңдаушылары мен оқытушылар қатыстырылды. Оны аға оқытушылар Қалдыгул Таспулатова және Бақытгул Солтиева жүргізді.

 

  

 

  

 

Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)

 



510

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler