қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.05.2024

Абай университетінің жас ғалымы өз тәжірибесімен бөлісті

 

2024 жылдың 14 - 15 мамыр аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің постдокторанты Дамира Советканова өз ғылыми тәжірибелерімен бөлісу мақсатында Шымкент қаласының Ж.Тәшенев атындағы университетімен Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде семинар тренингтар өткізді.

 

Советканова Дамира университеттердің профессор - оқытушы құрамы, докторанттары мен жас ғалымдарына «Ғылыми басылымдарға қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында семинар - тренинг жүргізіп, «Постдокторантура - үздіксіз ғылыми білім жолы» тақырыбында Абай университетінің постдокторлық бағдарламасы негізінде кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.

 

Семинар мақсаты - ЖОО арасында ынтымақтастықты дамыта отырып, заманауи талаптарға сай білім беру жүйесі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тәжірибе алмасу алаңын құру.

 

Семинар соңында Дамира Советкановаға  білім мен ғылымның дамуына өз үлесін қосқаны, өзіндік тәжірибесімен белсенді бөліскені үшін алғыс білдіріп, университет басшылығы атынан алғыс хат табысталды.

 

  alt=  

  alt=