қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.05.2024

Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесу

 

Бүгін, 2024 жылдың 14 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесті. Бұл кездесу университеттегі ғылыми-педагогикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады.


Профессор Рае Квон Чунг, ғалым және 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Сонгдодағы Инчхон ұлттық университетінің құрметті профессоры (Оңтүстік Корея). Оның Қазақстанға келуі отандық білім беру жүйесі үшін маңызды оқиға болды.


Ректор Болат Тілеп еліміздің тұңғыш университеті - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарихы мен жетістіктеріне тоқталып, жаңа формациядағы педагог кадрларды даярлауда халықаралық тәжірибенің маңыздылығын атап өтті.


Кездесу барысында ғылым және білім саласында тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, сондай-ақ ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Жасыл экономиканың тұрақты дамуы мен экологиялық білімге ерекше көңіл бөлінді. Бұл университет пен оның студенттері үшін жаңа көкжиектерді ашып, озық ғылыми жобалар мен әлемдік тәжірибеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Профессор Рае Квон Чунг өз кезегінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жоба мен соңғы технологиялар туралы құнды ақпараттармен бөлісті. Оның университеттер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту жайлы пікірі білім мен ғылымды дамыту жағдайында үлкен маңызға ие. Рае Квон Чунг жаңа технологиялар нарығының динамикасын ескере отырып, студенттерді өз бетінше ізденуге, кәсіби дағдыларды дамытуға және жаңа білімді меңгеруге, білімдерін үнемі жаңартып, кеңейтуге бағыттау қажет екенін атап өтті.


Мұндай кездесулер мен тәжірибе алмасу серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етіп, Қазақстандағы білім мен ғылымның көкжиегін кеңейтеді. Көптеген зерттеулерде жоғары оқу орындарына шетелдік мамандарды тарту білім сапасына оң әсер ететінін көрсетеді. Шетелдік профессорлардың білімі мен тәжірибесі оқу үдерісін байытып, мәдениетаралық түсіністікті дамытуға ықпал етеді және студенттерді халықаралық ортада табысты қызметке дайындайды. Осы факторлардың барлығы қазіргі жаһандық еңбек нарығы мен академиялық қоғамдастықтың талаптарына неғұрлым тиімді бейімделуге ықпал етеді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=