қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.05.2024

«Абай» стипендиясының иегерлері анықталды

 

2024 жылдың 13 мамырында Абай университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысында Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп «Абай» стипендиясының иегерлерін марапаттап, оларға ізгі тілегін білдірді.


Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық жетістіктерді арттыру және ғылыми таланттарды ынталандыру мақсатында алғаш рет «Абай» шәкіртақысын іске қосқан болатын. Университет тарихындағы тұңғыш «Абай» стипендиясын тағайындау үшін үміткер студенттер арасында конкурс жарияланып, арнайы ереже де бекітілген. Конкурс нәтижесі бойынша Аманова Гүлайна (Филология факультеті), Асылова Үміт (Жаратылыстану және география факультеті), Балтабай Альбина (Жаратылыстану және география факультеті), Жұмағалиева Аружан (Педагогика және психология факультеті), Раметолла Айгерім (Тарих және құқық факультеті), Сарсеналиева Аяжан (Өнер, мәдениет және спорт факультеті), Темірбекова Дильназ (Филология факультеті), Ткаченко Анастасия (Педагогика және психология факультеті), Айдосұлы Әділет (Тарих және құқық факультеті), Жахан Арсен (Жаратылыстану және география факультеті) аталған стипендияға лайық деп танылып, «Абай» стипендиясына лайық деп танылды.


«Абай» стипендиясының иегерлері 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап ай сайын 100 000 теңге көлемінде шәкіртақы алады. Барлық жеңімпаз студенттерімізді үлгі боларлық жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=