қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.05.2024

Абай университеті базасында Лотарингия университетінің филиалының ашылуы


Ғылыми кеңестің кезекті отырысын Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп соңғы жаңалықтарды таныстырудан бастады. 10 мамырда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Абай атындағы ҚазҰПУ мен Лотарингия университетінің ресми өкілі Пьер Тиффин арасында құқық, педагогика және мемлекеттік басқару саласында Лотарингия университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастық аясында халықаралық құқық, педагогика және мемлекеттік басқару бойынша қос дипломдық бағдарламалар жүзеге асырылып, академиялық ұтқырлық кеңейтілетін болады.

 

Жиын барысында ректор Болат Тілеп құрметті қонақ Лотарингия университетінің (Франция) Құқық, экономика және мемлекеттік басқару институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Пьер Тиффинді таныстырды. Пьер Тиффин құттықтау сөзінде Лотарингия университеті және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын сөз етті.

 

Кездесу соңында ректор Болат Тілеп атқарылған жұмыстарға ризашылығын айтып, жылы тілегін білдірді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=